• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

БІЛІМ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫ БАСТЫ БАСЫМДЫҚ БОЛЫП ҚАЛА БЕРМЕК

21.01.2022
in Басты ақпарат
БІЛІМ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫ БАСТЫ БАСЫМДЫҚ БОЛЫП ҚАЛА БЕРМЕК

«Тәні саудың жаны сау» деп қазақ бекер айтпаса керек. Ұлт саулығына назар аудармау – үлкен қиянат. Десек те, дене шынықтыру және спортқа көңіл бөлу – әркімнің өз таңдауы ғой.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

08.05.2025
«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

08.05.2025
ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

08.05.2025

Қазақстанда спортты дамытуға қанша қаржы бөлініп, нақты қандай бағдарламалар іске асырылды дегенге келсек, ең соңғы әрі нәтижелі бағдарлама ретінде Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын атауға болады.Бұл бағдарлама халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыруға, барлық санаттағы және топтағы тұрғындардың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануына жағдай жасауға, халықты қолжетімді спорт құрылыстарымен қамтамасыз етуге, спорт саласында кадрларды, сондай-ақ спорт резерві мен халықаралық деңгейдегі спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіруге бағытталған болатын.

Шымкент қаласында спорт саласында мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 2021 жылы 10 мыңға жуық баланы тегін спорттық секцияларымен қамтамасыз етілді, 2022 жылы 13,7 мың баланы қамтамасыз ету жоспарлануда.

2021 жылы қалада бұқаралық спортты дамыту мақсатында алғаш рет 8 спорт түрінен «Жастар лигасы» өткізіліп 7 мыңға жуық оқушылар мен студенттер қатысты. Нәтижесінде бұқаралық спортпен қамту деңгейі 32 пайызға жетті.

2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы Шымкент қаласы бойынша жергілікті және халықаралық жарыстардағы медаль иегерлер саны 616-дан 1571 дейін өсті.

2021 жылы Токио қаласында жазғы Олимпиядалық ойындарда қала спорт мектептерінің 2 спортшысы қола жүлдегерлері атанды.

Түптеп келгенде, спорт жалпыұлттық бірліктің, ынтымақтың нышанына айналып, жаңа қазақстандық патриотизмнің, мақтаныш сезімнің және өз елімен ынтымақтастықтың негіздерін қалыптастырудың маңызды аспектілерінің бірі болып отыр.

Қазақ Елінің тәуелсіздігіне 30 жыл толуда. Бұл әрине өз алдына жеке ел болуды мақсат тұтқан жас мемлекетке көп уақыт емес. Дегенмен, еліміз осы уақыт ішінде әр салада көптеген жетістіктерге қол жеткізгендігі белгілі. Соның бірі еліміздегі ғылым және білім саласы. Қазақ Елі алдына ұзақ мерзімді даму стратегияларын қойып, сол негізде әлемдік өркениет биігіне шығуды мақсат санап, тәуелсіздік алған уақыттан бастап еліміздің ғылым және білім саласының дамуына алғышарттар жасаған бірден бір ел. Сондықтан да отандық білім саласы инновациялық негізде даму үстінде. Осы жолда қала басшыларының жасаған еңбектері мол.

Шымкент қаласы білім саласы бойынша да биіктен көрінуде. Соңғы екі жылда Шымкентте 32 мектеп пайдалануға берілді. Оның ішінде 20 жекеменшік 12-і бюджет есебінен.

Нәтижесінде, апатты мектеп мәселесі толығымен шешілді, үш ауысымды мектептер саны 19-тен 9-ға азайды.

2025 жылға дейін 86 079 орынға арналған 101 мектептер салу кешенді жоспары әзірленді.

Оның ішінде, 58-і мемлекет, 4-і мемлекеттік-жекешелік әріптестік, 39 мектеп жеке инвесторлар есебінен салады. Нәтижесінде 2023 жылы Шымкентте үш ауысымды мектеп мәселесі толығымен шешіледі.

2025 жылға дейін оқушы саны шамадан тыс мектептер, жаңадан қосылатын мектебі жоқ шағын аудандар, ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан 4 мектеп мәселесі шешімін табады.

Бас жоспарға сәйкес, 2026-2030 жылдарға дейінгі жоспар да түзілуде.

2020 жылы «Шымкент қаласының білім басқармасы жанынан «Дарын орталығы» ашылды. Цифрлық білім беру платформасына мектептер 100 пайыз енді.

Инклюзивті білім беру сапасын арттыру мақсатында 4 ПМПК (педагогикалық медициналық психологиялық кеңес),

2 педагогикалық психологиялық түзеу кабинеті ашылды. Бұгінде жалпы саны 5 ПМПК, 7 түзету кабинеті жұмыс істеуде.

Салаға қатысты 32 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер цифрландыру қызметіне толық өтті.

2021 жылдан Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін «hr-process.kz» платформасы құрылып, мектеп ұстаздары мен директорлары ашық әрі бәсекелестік ортада таңдала бастады.

«Көшбасшылық академиясы» бағдарламасы іске асты. «Дарынды балаларға арналған мектеп-гимназиясы» және «Дарынды балаларға арналған IT лицей-интернаты», 5 «IT  мектеп-лицейі» қайта құру арқылы ашылды. Әдістемелік орталық жанынан «Инклюзивті білім беру», «Халықаралық зерттеулер,талдау және сараптау» бөлімдері ашылды. Мүгедек балаларға арналған Сайрам көмекші мектеп интернаты, көмекші мектеп интернат-колледж болып қайта құрылды.

Шымкент қаласында  «Жас маман» жобасы аясында 7 мемлекеттік колледжді заманауи материалдық-техникалық жабдықтармен жабдықталып, 13 мамандық бойынша құзыреттілік орталықтары ашылды.

Білім беру ұйымдарына арнайы талаптарға сәйкестендірілген бейнебақылау жүйелері 100% орнатылды.

Білім беру ұйымдары ғимараттарының кіреберістері 100% турникетпен қамтылған.

Мектептерде 100% дабыл батырмалары орнатылып, Полиция Департаментінің  Жедел басқару орталығына қосылған. Сонымен қатар, мамандандырылған күзетпен 100% келісім-шарт түзілген.

Шымкент қаласындағы білім саласында жасалып жатқан тың өзгерістер жалпы білім беру жүйесінің тиімділігін арттыруға сеп болатынына сенімдімін.

«NEWQAZAQ.KZ» ақпараттық порталы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

08.05.2025
«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

08.05.2025
ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

08.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған