Шымкент – еліміздегі ең ірі мегаполистердің бірі. Мәдениет мен әдебиеті, экономикасы мен білім беру салалары бойынша елдің индустриялық орталығына айналған алып шаһарда өмір сүрудің қауіпсіздік деңгейі жыл сайын артып келеді.
Қала әкімі М.Әйтеновтің мемлекеттік құрылымдар, тұрғындар және мамандармен белсенді жұмыс жасап отырған бағыттарының бірі – қаланың қауіпсіздігі. Онда жол апатынан қаза табатындардың санын нөлге түсіру, қылмыс санын төмендету, сонымен қатар қаланы бейнебақылау мен адамды тани алатын интеллектуалды жүйелер орнатылған, ақылды, қауіпсіз, экологиясы таза, мәдени және креативті мегаполиске айналдыру көзделген.
Ол үшін қаладағы қоғамдық орындарда қауіпсіздікті күшейтіп, қылмысты азайту жұмысы жүргізіліп жатыр.
Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыс санын азайту мақсатында қала әкімінің тапсырмасы бойынша қала аумағында қоғамдық тәртіпті сақтап, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында қаладағы Полиция департаментіне жергілікті бюджеттен материалдық-техникалық базасын жақсартуға қаржылар бөлініп, жүйелі түрде нығайтылуда.
Жол қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 100 көше қиылысы және 200 желілік учаскелерінде 1677 Сергек ақпараттық комплекс жүйесі камераларымен қамтылды. Ал, қоғамдық қауіпсіздік аясында 1500 бейнебақылау камера орнатылып қаланы шолу 3 есеге көбейді. Нәтижесінде қылмыс саны екі жылда 23%-ға төмендеп отыр
Бұл – бірлесе жасаған жұмыстың нәтижесі. Алдағы уақытта да қала тыныштығын сақтау мен түрлі қылмыстардың алдын алуда жұмыстар жалғасын таба бермек.
«NEWQAZAQ.KZ» ақпараттық порталы.