• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ЖАҢА ҚАУЛЫ БОЙЫНША БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫНА УАҚЫТША ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ

18.01.2022
in Басты ақпарат
ЖАҢА ҚАУЛЫ БОЙЫНША БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫНА УАҚЫТША ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ

«Шымкент қаласы бойынша «Аshyq» қосымшасына тіркелген 9021 нысанның 7061-і аутсайдерлер қатарында. Ал, 17 нысан талаптардың орындалуы жағынан көш бастап тұр». Бұл туралы брифинг барысында Шымкент қалалық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары С.Адамбекова мәлімдеді.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025

Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде өткен брифинг барысында департамент басшысы Ә.Төлебаев, департамент басшысының орынбасары А.Ахметов және қалалық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары С.Адамбекова өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды баяндап, жұмыс барысын баяндады.

— Шымкент қаласы бойынша жоспарланған тұрғындардың 99,6 пайызы екпенің 1-компонентін қабылдаса, 97,1 пайызы 2-компонентін алып үлгерген. Алайда, уақыт өте иммунитеттің әлсірейтінін ескере отырып, қала тұрғындарын 6 айдан кейін ревакцинациядан өтуге шақырамыз. 2022 жылдың 16 қаңтарындағы мәліметке сәйкес, 50 021 адам ревакцинация жасатқан. Ал, 2021 жылдың 16 қарашасынан 2022 жылдың 16 қаңтарына дейінгі аралықта 12-17 жас аралығынадағы жасөспірімдер мен жүкті, босанған әйелдер арасында Pfizer вакцинасын қабылдаған 22 229 адамның 10 181-і екі компонентті де толық қабылдады, — дейді қаланың бас санитары Ә.Төлебаев.

Мамандардың айтуынша, карантин режимін күшейту мақсатында Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 4 қаңтардағы қаулысына 2022 жылдың 14 қаңтарында бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. Қаулыға сәйкес, жабық базарлар мен СПА-орталықтар сенбі, жексенбі күндері уақытша жұмысын тоқтатса, қоғамдық көліктерде бетперде кию мен әлеуметтік ара қашықтықты сақтау талаптары күшейтілмек. Сондай-ақ, діни нысандарда ұжымдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынған.

— «Аshyq» қосымшасы пандемия кезінде бизнес нысандарының жұмысын қайта жандандыруға мүмкіндік берді. Жоба бизнес нысандарға келушілер арасында коронавирустың таралуының алдын алу мен жұқтыру қауіпсіздігі сақтау мақсатында қолға алынған болатын. Алайда, қосымша қолжетімді болғанымен, талаптарды орындамай отырғандар бар. Шымкент қаласы бойынша 9021 нысанға «Аshyq» қосымшасының QR-коды берілген. Оның ішінде 17 нысан көш бастап тұрса, 7061 қатысушы аутсайдерлер қатарында. Бұл нысандардан 1 апта мерзімге «Аshyq» қосымшасы алынып, QR-кодтары өшірілді. Жағдай екінші рет қайталанса, 2 аптаға, одан әрі 1 айға алынады. Осыған сәйкес, нысанның жұмысына шектеулер қойылады, — дейді Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары С.Адамбекова.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған