• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

172 ЖҮКТІ ӘЙЕЛ ЕКПЕ АЛДЫ

18.01.2022
in Басты ақпарат
172 ЖҮКТІ ӘЙЕЛ ЕКПЕ АЛДЫ

«Шымкент қалалық №2 емханасына тіркелген 50 мыңдай тұрғын бар. Олардың ішінде 326 жүкті әйел екпе алуы тиіс. Бүгінде 172 аяғы ауыр келіншек екпе алып үлгерді». Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырған баспасөз туры барысында белгілі болды.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025

— Жүкті әйелдердің барлығы бірдей екпе ала бермейді. Науқастың жағдайы мен дәрігердің шешіміне байланысты екпе жүргізіледі. Бүгінде жүктілік кезеңіндегі 326 әйелдің 172-сі екпе алып үлгерді. Барлығына бірдей вакцина екпеудің бірнеше себебі бар. Мәселен, біреулерінде екпеге қарсы көрсетілімдер болса, екіншісінің әлі қабылдау уақыты келмеген. Ал, үшіншісі, жүктілікке дейін вакцина қабылдағандар. Оларға босанғаннан кейін 42 күн өткен соң ревакцинация жасалады. Емханаға қарасты 1088 әйел босанған. Оның ішінде екпе алуы тиіс 577 әйел бар. Оның 273-і екпе алды, — дейді Шымкент қалалық №2 емханасының акушерлік-гинекология бөлімінің меңгерушісі Г.Әлмаханова.

Шымкент қаласының тұрғыны Баянсұлу Байғали — Шымкент қалалық №2 емханасына екпе алуға келген жүкті әйелдің бірі.
— Жүктіліктің 22-ші аптасындамын. Учаскелік дәрігер мен гинекологтың шақыруымен екпе алуға келдім. Дәрігер денсаулығымды қадағалап, екпеге жолдама берді. Бұған дейін коронавируспен ауырмадым. Алайда, баламның денсаулығы үшін екпе алуға шешім қабылдадым, — дейді ол.

Ал, шымкенттік Бахрам Газиев ревакцинацияға келіп отырғанын айтты. Сондай-ақ, қызын екпеге ерте келіпті.
— Қызым Мафтуна Сейдахметова — №41 мектеп-лицейінің оқушысы. Таяу күндері 12 жасқа толған соң, коронавирусқа қарсы вакцина алуға ертіп келдім. Отбасымызда 12 жасқа толмаған екі баламнан басқасының барлығы екпе алған. Мұны отбасымның алдындағы жауапкершілік деп білемін, — дейді ол.

Замира АЛДАБЕРГЕНОВА.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған