• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 29 декабря, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН ТАРИХЫ» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

13.12.2021
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН ТАРИХЫ» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Түркістандағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Көркем академиясының академигі, халықаралық «Тұран» сыйлығының лауреаты Айнабек Оспановтың «Түркістан тарихы» атты көрмесі ашылды. Рухани маңызы зор көрмені ҚР Мәдениет министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен Түркістан облыстық мәдениет басқармасы мен облыстық Бейнелеу өнері музейі ұйымдастырды. Сонымен бірге көрме барысында Айнабек Оспановтың «Түркістан тарихы» атты кітабының таныстырылымы өтті.
Көрменің ашылу салтанатына зиялы қауым өкілдері, суретшілер және өнерсүйер қауым қатысты. Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев кеш иесінің шығармашылығы мен еңбегін жоғары бағалап, оның өңірде суретшілер мектебін қалыптастырып жүргенін жеткізді. Түркістан облысында сурет өнеріне қолдау көрсетіліп, бірқатар іс-шара өткенін, танымал суретшілердің келгенін айтты.
«Түркістан тарихы» көрмесінің ашылуында жазушы, «Алаш» сыйлығы мен «Барыс» орденінің иегері Мархабат Байғұт, Түрістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Көркем Академиясының вице-президенті Ерлан Айтуаров және өзге де азаматтар құттықтау сөз сөйледі. Түркістандық әншілер әннен шашу шашты.
Түркістан төріндегі көрмеге автор тарихи және рухани маңызы бар 50-ге жуық туындысын алып келген. Сондай-ақ Түркістан өңірінің танымал тұлғаларының портреттері, тарихи орындары да көрмеден көрініс тапқан.
Айнабек Оспановтың қаламынан туған суреттер Қырғыз Республикасы, Түркия, Әзірбайжан, Ресей, Польша, Германия мемлекеттерінің бірнеше қаласында жұртшылық назарына ұсынылып, музейлері мен меценаттарына тапсырылған. Қазақстанның түкпір-түкпірінде жеке көрмелері өтіп тұрады. Ойы терең автор тұрмыстық үйлесімділіктің бұзылуы, рухани құндылықтың төмендеуі, ұлттың түп-тамырынан айырылуы сынды келеңсіз құбылыстарға қарсылығын суреттері арқылы білдіріп, туған жерді қадірлеп, тарихты құрметтеуге үндейді.

Оқи отырыңыз...

Шардарадағы «Келешек мектеп»: үйірме жұмыстары – оқушы дамуының негізгі тірегі

26.12.2025
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ЗАМАНАУИ МАҚТА ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ЗАМАНАУИ МАҚТА ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ

26.12.2025
Түркістанда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мәселелері қаралды

Түркістанда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мәселелері қаралды

25.12.2025
  1. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау жастары пилоттық жоба аясында Шымкентте білім алуда

Маңғыстау жастары пилоттық жоба аясында Шымкентте білім алуда

28.12.2025
«АҚЖАР» ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

В Шымкенте запущена подстанция «Ақжар»

27.12.2025
«АҚЖАР» ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

«АҚЖАР» ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

27.12.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған