• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 11 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

БАСПАНАҒА МҰҚТАЖ 610 ТҮРКІСТАНДЫҚ ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАЙДЫ

08.12.2021
in Басты ақпарат
БАСПАНАҒА МҰҚТАЖ 610 ТҮРКІСТАНДЫҚ ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАЙДЫ

Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығы аумағындағы 14 көпқабатты тұрғын үйдің 763 пәтері «Отбасы банк» АҚ арқылы және көпқабатты 3 тұрғын үйдің 151 пәтері «7-20-25» бағдарламасы арқылы кредиттік жүйемен сатылымға қойылды. Түркістан қаласындағы көпқабатты үйлердің құрылысы мен аумағын абаттандыру жұмыстары туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық мәжілісте талқыланды.
Желтоқсан айының соңына дейін 610 пәтер Түркістан қаласының тұрғын үйге мұқтаж отбасылар тізіміне тіркелген көпбалалы және әлеуметтік әлсіз топтағы отбасыларға кезек ретімен баспана беру жоспарлануда. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтың баяндауынша, Түркістан қаласы әкімшілік-іскерлік орталығында бюджет есебінен 7, 9 және 12 қабатты 67 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге жаңа үйлердің аулалары абаттандырылып, балалар алаңқайлары салынуда.
Отырыста «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іске асырылу барысы баяндалды. Ауыл халқының тұрмысын көтеру үшін қолға алынған «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Түркістан облысының 86 ауылдық елді мекенінде 316 жоба іске асырылуда. Ол үшін ҚР Ұлттық қорынан, республикалық және облыстық бюджеттерден жалпы 16,3 млрд. теңге бөлінген. Жобаларды іске асыру барысында 2 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қанат Қайыпбектің айтуынша, биыл 291 нысанды пайдалануға тапсыру жоспарланса, 25 нысан келер жылға өтпелі. Бүгінгі таңда 230 нысанның жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
Жыл басынан бері 8 мектептің қосымша құрылысы жүргізіліп, 10 мектеп күрделі жөндеуден өтуде. Бір дәрігерлік амбулатория салынып, 4 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өтті. Екі спорт нысаны, 2 мәдениет нысаны, 15 табиғи газбен қамтамасыз ету нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге 13 электр қуатымен жабдықтау нысандары салынып, 261 ішкі көше орташа жөндеуден өтті. «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іске асырылу барысы тұрақты бақылауға алынған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз...

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған