Шымкент қаласында құқық бұзуға жол бермеу, орын алған жағдайда дереу құрықтау жолында жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Қалалық полиция департаменті, құқық қорғау органдары өз жұмыстарын жаңаша ұйымдастырып, азаматтарды заңсыздықтардан, қылмыстан қорғауды күшейтті.
2021 жылдың 2-тамызында Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, бейтаныс азаматша «Атамекен» бағдарламасы арқылы ақша алып беремін деп, сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 200.000 теңге ақшасын иеленіп кеткенін көрсеткен.
Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ учаскелік полиция қызметкерлерімен жедел іздестіру іс-шаралары барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ, діл сол күні Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тағы бір тұрғыны бейтаныс азаматша мүгедектік құжатын шығарып беремін деп, сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 170.000 теңге ақшасын иеленіп кеткені туралы арызданды.
Әл-Фараби АПБ КПБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып жеткізілді. Оған байланысты да тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, шымкенттік полицейлер бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге, алаяқтықтан сақтануға шақырады.