• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 16 мая, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

БАЛА ҚҰҚЫҚ БҰЗСА АТА-АНАСЫ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ

20.07.2021
in Басты ақпарат
БАЛА ҚҰҚЫҚ БҰЗСА АТА-АНАСЫ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ

Оңтүстікте маусым айының ортасынан суға шомылу басталады. Ал, шіліңгір шілдеде жұрт, әсіресе, балалар судан шықпайды, десе де болады. Бірақ, күн қанша ыстық болса да шомылуға тиым салынған жерлерге шомылып, құқық бұзушылыққа баруға болмайды.

Оқи отырыңыз...

Қазақстан Республикасында жауын-шашынды жасанды түрде шақыру жобасының салтанатты іске қосылу рәсімі өтеді

Қазақстан Республикасында жауын-шашынды жасанды түрде шақыру жобасының салтанатты іске қосылу рәсімі өтеді

15.05.2026
«Іскер аймақ» бағдарламасы аясында рейтингтік әдістеме талқыланды

«Іскер аймақ» бағдарламасы аясында рейтингтік әдістеме талқыланды

14.05.2026
Астанада ТМҰ елдерінің бизнес-форумы басталды

Астанада ТМҰ елдерінің бизнес-форумы басталды

13.05.2026

Үшінші мегаполисте де балалардың субұрқақта шомылып жүргенін жиі байқаймыз. Сала жауаптылары ескерту тақтайшаларын іліп, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, дейді.

Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының бөлім басшысы Дархан Тұрғанбай: «Жасөспірім балаларды субұрқаққа шомылудан тоқтату қиынға соғып отыр. Ол бойынша біз полицияға және басқа да құзырлы жерлердің барлығына арнайы хаттар жаздық. Балаларды субұрқақтан шығарып жіберсек, біз немесе полиция кеткеннен кейін қайтып келіп шомылу жағдайлары орын алып жатыр. Оны жасырмаймыз», дейді.

Дегенмен субұрқаққа түскен балалардың ата-анасына әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 364 бабында жауапкершілік көзделген. Шомылу маусымы басталғалы бері шымкенттік 12 ата-анаға ескерту жасалыпты. Тағы да қайталанған жағдайда балаларының суда шомылғаны үшін олар 2 айлық есептік көрсеткіш, яғни 6 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді.

Шомылу маусымы басталысымен полиция қызметкерлері су айдындары, фонтандардың аумақтарында нарядтарды күшейтіп, қызметкерлерді сол жерге жұмылдырған. Оған қоса полиция қызметкерлері тұрғындар мен қонақтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп,  қатаң қадағалауының нәтижесінде ағымдағы жылы су айдындары мен фонтандарда жасөспірім, үлкен адамдардың қаза болу фактілері тіркелмепті. Бұл да болса тиісті органдардың құқық бұзудың алдын алу бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарының нәтижесі.

Фонтандар электр жүйелеріне қосылғандықтан кез-келген жағдайда тоқ ұру қаупі бар. Сол себепті мамандар фонтанға түспеуге, тіпті, аяқ пен қолды да батырудың өзі қауіпті, дейді.Жалпы, шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде шомылу құқық бұзушылыққа жататынын естен шығармаған абзал.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасында жауын-шашынды жасанды түрде шақыру жобасының салтанатты іске қосылу рәсімі өтеді

Қазақстан Республикасында жауын-шашынды жасанды түрде шақыру жобасының салтанатты іске қосылу рәсімі өтеді

15.05.2026
Тұрғын үй саласындағы ашықтық пен жауапкершілік: Шымкентте «TURGYNDAR AMANATY» форумы өтті

Прозрачность и ответственность в жилищной сфере: в Шымкенте прошел форум «TURGYNDAR AMANATY»

14.05.2026
Тұрғын үй саласындағы ашықтық пен жауапкершілік: Шымкентте «TURGYNDAR AMANATY» форумы өтті

Тұрғын үй саласындағы ашықтық пен жауапкершілік: Шымкентте «TURGYNDAR AMANATY» форумы өтті

14.05.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған