• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 16 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі

09.07.2021
in Басты ақпарат
Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мас күйінде көлік жүргізетіндерге жаза қатаңдатылды. Алкогольмен, есірткі заттарымен масаю күйінде көлік құралын басқару  жол жүру қозғалысына жоғарғы қауіптілік жағдайын төндіреді.

Оқи отырыңыз...

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

11.09.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

В Шымкенте прошло совещание по обсуждению Послания Главы государства

11.09.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

11.09.2025

Масаң күйде көлік басқару жайтын болдырмауды қатаң бақылау үшін полиция қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды өткізіп отырады.

Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» Заңына және  13.11.2014 ж. №1196 қаулымен бекітілген, «Жол қозғалысы Қағидалары» 2- тарау 2-бөлімінің 2 тармақшасына сай, жүргізушіге жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндіретіндей масаң күйде (алкогольді, есірткі немесе өзге де) көлік құралын басқаруға тиым салынады.

Бұдан басқа Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабына 27.12.2019 жылғы Заңмен өзгерістер енгізіліп, мас күйінде көлік жүргізгендерге әкімшілік жауаптылық қатаңдатылған болатын. Оған сай бұл баптың 1-бөлігінде жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру – он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді деп көрсетілген.

Сонымен бірге, Заңға енгізілген толықтыруларға сай Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі де, яғни құқық бұзушыларға қылмыстық жауаптылықты  қатаңдату және осы санаттағы қылмыстардың алдын-алу мақсатында14-тарау 345-1-баппен алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуына жауаптылық түрімен толықтырылып, және көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру жөніндегі 346-бап жаңа редакцияда жазылды.

Көлік құралдарын басқару құқығынан әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің талабымен айырылып, жазаға тартылған адамдардың одан қортынды шығармай жол қозғалысына қатынасушылардың қауіпсіздігіне немқұрайлықпен қарап жауапкершілікті толық сезінбей қайтадан көлік рөліне масаң күйде басқаратындары да біршама кездеседі.

Қылмыстық Кодекстің 346-бабының 1-бөліміне  сай, яғни көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Көлік басқарған кезде жүргізуші адамдардың өмірі мен денсаулығына жауапты және сол үшін заңмен жауапкершілік те қаралған. Бұл жағдайлар жүргізушінің үнемі мұқият және жоғары жауапкершілікте болуын талап етеді.

Бөрлібай ҚАЙЫПОВ,

Шымкент гарнизоны әскери сотының судьясы.

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

В Шымкенте прошла первая глобальная цифровая конференция Центральной Азии — Global Tech Wave Central Asia

Шымкентте «Global Tech Wave Central Asia» атты Орталық Азияның алғашқы жаһандық цифрлық конференциясы өтті

15.09.2025
В Шымкенте прошла первая глобальная цифровая конференция Центральной Азии — Global Tech Wave Central Asia

В Шымкенте прошла первая глобальная цифровая конференция Центральной Азии — Global Tech Wave Central Asia

15.09.2025
Шымкентте «Таза қала» жалпы қалалық сенбілігі жоғары деңгейде өтті

Шымкентте «Таза қала» жалпы қалалық сенбілігі жоғары деңгейде өтті

15.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған