• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Жолдау шеңберінде сот жүйесін реформалау

09.07.2021
in Басты ақпарат
Жолдау шеңберінде сот жүйесін реформалау

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел дамуының қадау-қадау өзекті мәселелері бойынша берілген тапсырмалары негізінде Үкімет, Парламент депутаттары бірқатар заңды жаңа нұсқада қабылдап, қолданыстағы заң нормаларына көптеген жаңа өз­геріс пен толықтыру ен­гізді. Ширатып айтатын болсақ, оларды бес бағытқа бөлуге болады. Яғни әлеуметтік сала; қар­жы – экономика; мемлекеттік басқаруды түбегейлі өзгерту, оның ішінде мем­лекеттік қызмет, жемқорлыққа қарсы күрес; сот жүйесін, құқық қорғау орган­дарын реформалау; азаматтық қоғам қалыптастыру және саяси реформалар.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: «Жоғарғы Сот Төрағасы судьялардың біркелкі жағдайда әртүрлі шешім қабылдайтыны жөнінде маған бірнеше рет баяндаған. Мұндай келеңсіздіктерге жол беруге болмайды. Соның салдарынан қоғамда наразылық туындап, соттардың бәрі жемқор деген жағымсыз ақпарат тарайды. Соттар қылмыстық процесті жүргізу барысында тергеу органдарына жалтақтамауы керек» дейді.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025

Егер сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдей алмаса, айыптау үкімін шығаруға болмайды. Судьялар табандылық танытса, тергеу амалдары сапалы жүргізілетіні анық. Қылмыстық қудалауға түскен азаматтардың құқықтары да лайықты қорғалары сөзсіз. Қазір елімізде әрбір төртінші аза­маттың басы дауға шатылған. Ал ешкімнің шен-шекпеніне, атақ-дәрежесіне қарамай шешім қабылдау кез келген судьяның парызы. Бірақ қазақта сөз бар, «Билік айту оңай, біліп айту қиын». Сондықтан әділ шешім қабылдап, даулы іске төрелік айтатын сот өте сауатты, қарым-қабілеті жоғары болуы шарт. Осы үдеден шығу үшін бұл салаға түбегейлі өзгеріс керегін Президент тағы да нақтылап айтты.
Сот жүйесін­дегі рефор­маларды заң­намалық қам­та­ма­сыз етуде үлкен жұмыстар ат­қарылды. Былтыр әкімшілік, қылмыстық және қыл­мыстық-процессуалдық кодекстерге, заң­­намаларға бірқатар елеулі өз­герістер енгізілді. Жыныстық зор­лық-зомбылық, тұрмыстық зор­лық-зомбылық, педофилия, мал ұрлығы, браконьерлік, ал­коголь ішіп көлік жүргізу, есірт­кі таратуға қатысты жаза қа­тайтылды. Бұлар енді ауыр қылмыс санатына кірді.

Заң жүзінде айыптаушы мен айып­­талушының құқы бір­­дей. Қыл­мыстық процес­те қылмыс жасамаған адамды қыл­мыс­тық жауапкершілікке тарт­­қаны үшін айыптаушы та­раптың жауапкершілігі кү­шей­­тілді. Сондай-ақ азаматты заң­сыз ұстаса, қамаса, жалған куә­лік жасауға мәжбүрлесе, ай­ғақтарды бұрмаласа – осындай қитұрқылықтарға баратын құ­қық қорғау қызметкерлерінің жауапкершілігі заң жүзінде қа­тайтылды. Айыпталушы та­раптың арыз-шағымы қараусыз қал­дырылса немесе ешқандай әрекет жасалмаса, заң жүзінде жа­уап­кершілік қарастырылды.

Сонымен қатар сот ісін жүр­гізуде әкімшілік сот ісі деген ұғым енгізілді. Бұл туралы заң былтыр қабылданды. 2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Яғни бұл дегеніміз – соттың төр­тінші жаңа түрі. Сондықтан бұл сот­тың іске кірісуіне, дайындалуына уақыт керек.

Қылмыс жасауға итермелейтін аран­датушылыққа байланысты бап енді. Адам негізсіз сотталмауы керек. Соның бәрін сотқа дейін прокурор қадағалау керек.

Мемлекет басшысы құқық қорғау жүйесінің жұмысында айыптауға бейімділік басым екенін қадап көрсетті. Жолдауында Мем­­лекет басшысы құқық қор­ғау органдары тарапынан кәсіп­керлікке қарсы заңсыздық іс-әре­кеттер ауыр қылмыс санатына жатқызылатынын айтып өтті.
Шоқан СМАИЛ,

Абай аудандық сотының

бас маман-сот мәжілісінің хатшысы.

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған