• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 24 ноября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

ШЫМКЕНТТЕ «МЫҢ ЖҮЙРІК» АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

24.11.2026
in Без рубрики
ШЫМКЕНТТЕ «МЫҢ ЖҮЙРІК» АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Шымкент қаласындағы Достық үйінде этнос өкілдері балалары арасында мемлекеттік тілді кеңінен ілгерілетуге бағытталған республикалық «Мың жүйрік» ағартушылық жобасының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың қазақ тілін еркін меңгеруіне ықпал ету, отансүйгіштік сезімді арттыру, туған өлке тарихы мен тұлғалар тағылымын дәріптеу, сондай-ақ ортақ құндылықтар арқылы қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту болып табылады.

Оқи отырыңыз...

 ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫ МЕН ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

 ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫ МЕН ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

24.11.2026
 ШЫМКЕНТТІҢ ТҰРҒЫН АЛАПТАРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ЫНТЫМАҚ ТАЛҚЫЛАНДЫ

 ШЫМКЕНТТІҢ ТҰРҒЫН АЛАПТАРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ЫНТЫМАҚ ТАЛҚЫЛАНДЫ

24.11.2026
ШЫМКЕНТТЕГІ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ МӘДЕНИ-ДОСТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕГІ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ МӘДЕНИ-ДОСТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

24.11.2026

Биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылған мазмұнды жоба балалардың қазақ тілінде еркін сөйлеу дағдыларын дамытуға, ойын жүйелі жеткізуге, шығармашылық ізденістерін қолдауға және туған өлкені терең танып-білуге арналған. Жобаның іріктеу кезеңі 2–9 қараша аралығында онлайн форматта өтіп, түрлі этнос өкілдерінің балалары белсенділік танытты. Қатысушылар «Туған өлкеге тағзым», «Мен ұнататын мамандық», «Ертегі әлеміне саяхат» және «Тұлғалар тағылымы» бағыттары бойынша дайындаған мазмұнды жұмыстарын ұсынды. Қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған 10 қатысушы жоба жеңімпазы атанды.

Марапаттау рәсімі барысында үздік шыққан қатысушылардың бейнематериалдары көрсетіліп, көпшілікке арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды. Салтанатты жиында Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Әбдез Иманқұлов сөз сөйлеп, жеңімпаздарды құттықтады. Ол балалардың мемлекеттік тілді үйренуге деген құлшынысы мен шығармашылық талабын ерекше атап өтті.

«Қазақ тілін меңгеруге деген ықылас пен оны еркін қолдануға ұмтылыс – өскелең ұрпақтың ел өміріне белсенді араласуына жол ашатын маңызды қадам. Бүгінгі байқауда балалардың өз ойларын қазақ тілінде жеткізіп, туған өлкесін таныстырып, болашақ мамандығы мен тұлғалар туралы ізденіп, шығармашылық қабілеттерін көрсеткені қуантады. Әр баланың жетістігінің артында ұстаздарының еңбегі мен ата-анасының қолдауы бар. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, қазақ тілінде білім алып, еліміздің дамуына үлес қосатын азамат болып қалыптасуларына тілектеспін», – деді Әбдез Рахманұлы.

Салтанатты рәсім соңында жоба жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталса, олардың ізденісіне бағыт-бағдар берген жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды. «Мың жүйрік» жобасы балалардың мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін арттырып, ортақ құндылықтар негізінде ұрпақтар сабақтастығы мен Шымкенттегі қоғамдық келісімді нығайтуға зор үлес қосып келеді.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

 ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫ МЕН ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

 ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫ МЕН ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

24.11.2026
 ШЫМКЕНТТІҢ ТҰРҒЫН АЛАПТАРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ЫНТЫМАҚ ТАЛҚЫЛАНДЫ

 ШЫМКЕНТТІҢ ТҰРҒЫН АЛАПТАРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ЫНТЫМАҚ ТАЛҚЫЛАНДЫ

24.11.2026
ШЫМКЕНТТЕ «МЫҢ ЖҮЙРІК» АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ «МЫҢ ЖҮЙРІК» АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

24.11.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған