• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 17 ноября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

Ж.ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

17.11.2026
in Без рубрики
Ж.ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

Оқи отырыңыз...

  ШЫМКЕНТ: «МЫҢ ЖҮЙРІК» АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

  ШЫМКЕНТ: «МЫҢ ЖҮЙРІК» АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

17.11.2026
 ЖАСТАРҒА ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ МАҢЫЗЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

 ЖАСТАРҒА ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ МАҢЫЗЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

17.11.2026
 ҚЫЗЫЛЖАР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

 ҚЫЗЫЛЖАР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

17.11.2026
Шымкент қаласындағы Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетте Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын түсіндіруге және насихаттауға арналған ауқымды жиын өтті. Шараның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының бастамаларын өскелең ұрпаққа кеңінен жеткізу, елдегі жүргізіліп жатқан реформалардың мән-маңызын түсіндіру және жастардың азаматтық ұстанымын нығайту.
Іс-шараға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, қоғам және ғылым қайраткерлері, құқық саласының өкілдері мен белсенді студент жастар қатысты. Жиынды университеттің басқарма төрағасы, ҚР ҰҒА академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оңалбай Аяшев жүргізіп, Президент Жолдауында қоғам дамуына қатысты айтылған стратегиялық міндеттер мен білім беру саласының алдында тұрған маңызды қадамдарға тоқталды.
Талқылау барысында Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өзгерістер, сондай-ақ қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын қатаң сақтау мәселелері жан-жақты сөз болды. Атап айтқанда, университет ректоры, заң ғылымдарының кандидаты Жанар Рысбекова жоғары білім мен ғылымды жетілдіру бағыттарын атап өтті. Ал ҚР еңбек сіңірген қайраткер-заңгері, заң ғылымдарының докторы, «Құқық» кафедрасының профессоры Бекет Тұрғараев елдегі құқық үстемдігі мен әділетті қоғам қалыптастырудың маңыздылығын түсіндірді.
Сонымен қатар Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Әбдез Иманқұлов «Жаңа қоғамдық әдеп: күнделікті өмірдегі конституциялық құндылықтар» тақырыбында баяндама жасап, Жолдауда көрсетілген қоғамдық келісімді нығайту, этносаралық татулық пен өзара сыйластық қағидаттарының мәнін ашып көрсетті. Жиын барысында «Тәуелсіздікке – 35 жыл» айтулы датасы аясында ұлттық мұра мен патриотизм мәселелері де қозғалды.
Шараның маңызды бөлігінде студент жастардың үнқосуы ұйымдастырылып, университеттің 3-курс студенті, Студенттік құрылтай ұйымының төрағасы әрі студенттік ректор Айнұр Базарбай жастардың көзқарасы мен ел болашағына қатысты бастамаларын ортаға салды. Жиын қорытындысында Президент Жолдауында жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда бірлік, жауапкершілік және белсенді азаматтық ұстаным басты рөл атқаратыны атап өтілді.
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  ШЫМКЕНТ: «МЫҢ ЖҮЙРІК» АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

  ШЫМКЕНТ: «МЫҢ ЖҮЙРІК» АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

17.11.2026
Ж.ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

Ж.ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

17.11.2026
 ЖАСТАРҒА ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ МАҢЫЗЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

 ЖАСТАРҒА ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ МАҢЫЗЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

17.11.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған