• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 20 октября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Тұрмыстық газ баллондарының қауіпсіздігі: кәсіпкерлерге қойылатын талаптар түсіндірілді

20.10.2026
in Басты ақпарат
Тұрмыстық газ баллондарының қауіпсіздігі: кәсіпкерлерге қойылатын талаптар түсіндірілді

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасында тұрмыстық газ баллондарын қауіпсіз пайдалану, оларды толтыруға қойылатын заң талаптары және кәсіпкерлердің жауапкершілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуде газ қауіпсіздігін сақтау мәселесі мен заң талаптарын бұзудың салдары талқыланды.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА «АСАРЛАТУ» АКЦИЯСЫНА ЕКІ МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСЫП, АРЫҚ-АТЫЗДАР ТАЗАЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА «АСАРЛАТУ» АКЦИЯСЫНА ЕКІ МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСЫП, АРЫҚ-АТЫЗДАР ТАЗАЛАНДЫ

19.10.2026
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ — ОРТАҚ МӘСЕЛЕ

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ — ОРТАҚ МӘСЕЛЕ

19.10.2026
АЛПАМЫС БАТЫР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

АЛПАМЫС БАТЫР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

19.10.2026

Іс-шараға Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары Ақылбай Акимниязов, Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер және әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі орынбасары Зухра Амирова және осы салада қызмет атқаратын кәсіпкерлер қатысты.

Кездесу барысында тұрмыстық газ баллондарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау адам өміріне тікелей қатер төндіретіні атап өтілді. Әсіресе пайдалану мерзімі өткен, техникалық куәландырудан өтпеген немесе ақауы бар баллондарды қолдану, сондай-ақ оларды автогаз құю станцияларында толтыру ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары Ақылбай Акимниязов газ қауіпсіздігі талаптарын сақтау тек техникалық міндет емес, адам өмірі мен денсаулығына деген жауапкершілік екенін жеткізді.

«Тұрмыстық газ баллондарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын елемеу орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін. Соңғы үш жылда елімізде тұрмыстық газ баллондарының қатысуымен 30 жарылыс тіркеліп, 118 адам зардап шекті, 26 адам қаза тапты. Бұл көрсеткіштер қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Кәсіпкерлер газ жабдықтарының техникалық жарамдылығына, баллондардың белгіленген мерзімде куәландырылуына және оларды пайдалану тәртібіне ерекше мән беруі қажет», – деді Ақылбай Акимниязов.

Басқарма өкілі тұрмыстық газ баллондарын автогаз құю станцияларында толтыруға заңмен тыйым салынғанын еске салды. Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының 28-бабының 7-тармағына сәйкес, автогаз құю станцияларында тұрмыстық газ баллондарына сұйытылған мұнай газын құюға жол берілмейді. Бұл талапты бұзу заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

Мәселенің өзектілігін биыл Ақмола облысының Щучинск қаласында болған қайғылы оқиға да айқын көрсетті. 27 ақпандағы газ жарылысы салдарынан 12 адам қаза тапты. Аталған жағдай газ баллондарын пайдалану мен толтыру кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамаудың ауыр салдарын көрсетті.

Қолданыстағы талаптарға сәйкес, пайдаланудағы газ баллондары кемінде бес жылда бір рет техникалық куәландырудан өтуі тиіс. Ал оларды пайдалану мерзімі дайындаушы зауыт белгілеген талаптарға сәйкес, 20 жылдан аспауы қажет. Баллондардың жарамдылығын қамтамасыз ету, техникалық жағдайын бақылау және оларды қауіпсіз айналымға жіберу – газбен жабдықтау саласындағы кәсіпкерлер үшін маңызды міндеттердің бірі.

Кездесу барысында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту мәселесі де назардан тыс қалмады. Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер және әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі орынбасары Зухра Әмірова қауіпсіздік талаптарын сақтау мен кәсіпкерлік қызметті заң аясында жүргізудің маңызын атап өтті.

«Кәсіпкерлер үшін заң талаптарын алдын ала білу және оларды дұрыс орындау өте маңызды. Газ баллондарын толтыру мен пайдалану тәртібін бұзу тек әкімшілік жауапкершілікпен шектелмей, адам өміріне қауіп төндіріп, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Сондықтан мұндай кездесулердің мақсаты – кәсіпкерлерге қойылатын талаптарды түсіндірумен қатар, олардың заң талаптарын дұрыс орындауына ықпал ету. Кәсіпкерлердің сұрақтарына түсініктеме беріп, туындаған мәселелерді қолданыстағы заңнама аясында шешу жолдарын қарастыруға дайынбыз», – деді Зухра Амирова.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сұйытылған мұнай газын тұрмыстық баллондарда бөлшек саудада өткізу кезінде баллондардың жарамды техникалық жай-күйін қамтамасыз ету міндеті газ толтыру станциялары мен газ толтыру пункттерінің иелеріне жүктеледі. Ал газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзу анықталған жағдайда, заңнамада көзделген шаралар қолданылады.

Кездесу қорытындысында кәсіпкерлерге газ баллондарын пайдалану және толтыру тәртібін қатаң сақтау, жабдықтардың техникалық жай-күйін тұрақты бақылау және қауіпсіздік талаптарына немқұрайлы қарамау қажеттігі түсіндірілді.

Тұрмыстық газ қауіпсіздігі – тек заң талабы емес, адам өмірін қорғауға бағытталған ортақ жауапкершілік. Сондықтан әрбір кәсіпкер қауіпсіздік талаптарын сақтауды күнделікті қызметінің ажырамас бөлігіне айналдыруы қажет.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Тұрмыстық газ баллондарының қауіпсіздігі: кәсіпкерлерге қойылатын талаптар түсіндірілді

Тұрмыстық газ баллондарының қауіпсіздігі: кәсіпкерлерге қойылатын талаптар түсіндірілді

20.10.2026
ҚАЛА АРДАГЕРЛЕРІ СПОРТТЫҚ ТУРНИРДЕ БАС ҚОСТЫ

ҚАЛА АРДАГЕРЛЕРІ СПОРТТЫҚ ТУРНИРДЕ БАС ҚОСТЫ

20.10.2026
Соттың абыройы — мемлекеттің абыройы   

Соттың абыройы — мемлекеттің абыройы  

20.10.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған