• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 16 сентября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Тіл мүддесі – ел мүддесі

16.09.2026
in Құқық-заң
Тіл мүддесі – ел мүддесі

Тіл – халықтың рухани тірегі, ұлттың айнасы. Адам баласы дүниеге келген сәттен бастап ана тілінің әлдиін естіп, сол тіл арқылы қоршаған ортаны танып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіреді. Сондықтан тілге деген құрмет – ең алдымен туған елге, оның тарихы мен мәдениетіне деген құрмет.

Оқи отырыңыз...

Ана тілі – асыл қазына

Ана тілі – асыл қазына

16.09.2026
«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» — ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» — ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

13.09.2026
В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

Қазақ тілі – халқымыздың сан ғасырлық шежіресін сақтап келе жатқан ұлы мұра. Оның әрбір сөзі мен ұғымында ұлттық дүниетаным, салт-дәстүр, ата-бабадан жеткен тағылым жатыр. Тілді сақтау дегеніміз – өткенді ғана сақтау емес, болашаққа жол ашу.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру – елдің тұтастығын нығайтып, азаматтық жауапкершілікті арттыратын маңызды бағыттардың бірі. Бұл ретте тіл мәселесіне тек белгілі бір күндерде немесе арнайы іс-шаралар барысында ғана назар аудару жеткіліксіз. Мемлекеттік тіл күнделікті өмірде еркін қолданылып, қызметтік қарым-қатынастың, қоғамдық ортаның табиғи тіліне айналуы қажет.

Мемлекеттік мекемелерде тілдің дұрыс әрі сауатты қолданылуының маңызы айрықша. Себебі мемлекеттік қызметші – қоғаммен тікелей байланыста болатын тұлға. Азаматтың мемлекеттік органға жүгінген сәтінен бастап оған көрсетілетін қызметтің сапасы, түсіндіру жұмыстарының анықтығы мен құжаттардың сауаттылығы мемлекеттік тілдің қолданыс мәдениетімен де тығыз байланысты.

Сот саласында тілдің жауапкершілігі одан әрі арта түседі. Өйткені соттағы әрбір сөздің, әрбір құжаттың заңдық мәні бар. Сот отырысының хаттамасын жүргізу, процессуалдық құжаттарды рәсімдеу, сот процесіне қатысушылардың түсініктемелерін нақты әрі сауатты тіркеу – үлкен ұқыптылықты талап ететін жұмыс. Мұнда тілдік сауаттылықпен қатар, кәсіби жауапкершілік те қатар жүреді.

Сот отырысының хатшысы сот процесінің қалыпты әрі жүйелі өтуіне өзіндік үлесін қосатын маңызды маман. Осы қызмет барысында мемлекеттік тілді орынды қолдану, заң терминдерін дұрыс пайдалану және ресми құжаттарды сауатты рәсімдеу – кәсіби міндеттің ажырамас бөлігі.

Тілдің тағдырын тек тіл мамандарына немесе мемлекеттік мекемелерге жүктеу дұрыс емес. Ана тілінің болашағына әр азамат өз үлесін қоса алады. Отбасында қазақша сөйлесу, балаға қазақ тіліндегі кітап оқыту, қызметте мемлекеттік тілді қолдану, қазақ тіліндегі сапалы дүниелерді тұтыну – тілге деген жанашырлықтың нақты көріністері.

«Тіл мүддесі – ел мүддесі» деген ұғымның мәні де осында. Тіліне құрметпен қараған ел өзінің тарихын, мәдениетін және ұлттық болмысын қадірлейді. Ал мемлекеттік тілдің өрісі кеңейген сайын қоғамдық өмірдегі өзара түсіністік пен жауапкершіліктің де нығая түсері анық.

Тіл – бір күннің немесе бір науқанның мәселесі емес. Ол – ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын аманат. Сондықтан ана тіліміздің абыройын асқақтату әрқайсымыздың күнделікті ісімізден, өз сөзімізге деген жауапкершілігімізден басталуы тиіс.

Елдің ертеңі – бүгінгі ұрпақтың қолында болса, сол ұрпақтың ұлттық болмысының берік негіздерінің бірі – ана тілі. Ендеше, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру арқылы біз ел мүддесіне қызмет етеміз.

Н.БЕГІМБЕТОВА,

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

бас маман-сот отырысының хатшысы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Тіл мүддесі – ел мүддесі

Тіл мүддесі – ел мүддесі

16.09.2026
Ана тілі – асыл қазына

Ана тілі – асыл қазына

16.09.2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ТӘСІЛ АРҚЫЛЫ ТҰЗДЫ ТОПЫРАҚТАҒЫ КӨШЕТТЕРДІҢ ӨНІМДІЛІГІ 90 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ТӘСІЛ АРҚЫЛЫ ТҰЗДЫ ТОПЫРАҚТАҒЫ КӨШЕТТЕРДІҢ ӨНІМДІЛІГІ 90 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ

16.09.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған