• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 16 сентября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Ана тілі – асыл қазына

16.09.2026
in Құқық-заң
Ана тілі – асыл қазына

Ана тілі – әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани қазынасы, ұлттық болмысы мен тарихи жадын сақтайтын баға жетпес құндылық. Тіл арқылы ұлттың дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен мәдениеті ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырады. Сондықтан ана тілін ардақтау – елдікті, ұлттық құндылықтарды құрметтеудің айқын көрінісі.

Оқи отырыңыз...

Тіл мүддесі – ел мүддесі

Тіл мүддесі – ел мүддесі

16.09.2026
«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» — ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» — ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

13.09.2026
В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

Қазақ халқы үшін ана тілінің орны ерекше. Қазақ тілі – халқымыздың талай ғасырлық тарихын бойына жинаған, сөздік қоры бай, көркем әрі мағыналы тіл. Ұлы Абайдың ой-толғамдары, Жамбылдың жырлары, Мұхтар Әуезовтің шығармалары мен Мағжанның сырлы өлеңдері – ана тіліміздің құдіретін танытатын асыл мұралар.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту – тек мемлекеттік органдардың немесе жекелеген мекемелердің міндеті емес, барша қоғамға ортақ жауапкершілік. Тілді дамыту оның күнделікті өмірде, білім мен ғылымда, мәдениетте, бұқаралық ақпарат құралдарында және мемлекеттік қызмет көрсету саласында кеңінен қолданылуынан басталады.

Сот жүйесінде де мемлекеттік тілдің маңызы зор. Сот төрелігін жүзеге асыру барысында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сот процесіне қатысушыларға өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіру кезінде тілдің анық әрі түсінікті қолданылуы – заң үстемдігінің маңызды талаптарының бірі.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сот ісін жүргізу мемлекеттік тілде жүзеге асырылады, ал қажет болған жағдайда сот ісін жүргізуде басқа тілдер де заңда белгіленген тәртіппен қолданылады. Бұл – азаматтардың сот төрелігіне еркін қол жеткізуіне, өз ойын түсінікті жеткізуіне және құқықтарын толыққанды қорғауына мүмкіндік беретін маңызды қағида.

Ана тілін құрметтеу – оны тек білу емес, оны күнделікті қарым-қатынаста орынды әрі сауатты қолдану. Әрбір мемлекеттік қызметші өз саласында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге үлес қоса алады. Іс қағаздарын сауатты жүргізу, азаматтармен қазақ тілінде еркін сөйлесу, ресми құжаттарды тіл нормаларына сай рәсімдеу – осы бағыттағы нақты қадамдардың бірі.

Тіл тағдыры – ұлт тағдыры. Ана тіліміздің болашағы бүгінгі ұрпақтың тілге деген құрметі мен жауапкершілігіне байланысты. Тілімізді сақтау үшін оны тек мерекелік шараларда дәріптеп қана қоймай, күнделікті өміріміздің табиғи бөлшегіне айналдыруымыз қажет.

Әр қазақ үшін ана тілі – жүректің үні, ұлттың рухы, атадан балаға аманат болған асыл мұра. Сол аманатты көздің қарашығындай сақтау, қадірін арттыру және келер ұрпаққа кемел күйінде жеткізу – баршамыздың ортақ парызымыз.

А.БЕКЖАНОВА,

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісі

басшысының орынбасары.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Тіл мүддесі – ел мүддесі

Тіл мүддесі – ел мүддесі

16.09.2026
Ана тілі – асыл қазына

Ана тілі – асыл қазына

16.09.2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ТӘСІЛ АРҚЫЛЫ ТҰЗДЫ ТОПЫРАҚТАҒЫ КӨШЕТТЕРДІҢ ӨНІМДІЛІГІ 90 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ТӘСІЛ АРҚЫЛЫ ТҰЗДЫ ТОПЫРАҚТАҒЫ КӨШЕТТЕРДІҢ ӨНІМДІЛІГІ 90 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ

16.09.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған