• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 23 июля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА 500 АДАМНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖАЛПЫ ХАЛЫҚТЫҚ ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

04.06.2026
in Қоғам, Спорт
ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА 500 АДАМНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖАЛПЫ ХАЛЫҚТЫҚ ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Мақтаарал ауданында «Көк Тумен Бірге» жалпы халықтық таңғы жаттығу іс-шарасы ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің бастамасымен өткен бұқаралық спорттық шараға ауданның 500-ге жуық тұрғыны қатысып, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет пен салауатты өмір салтын ұстанудың жарқын үлгісін көрсетті.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы мен Әнұранының маңызын дәріптеу, тұрғындардың патриоттық сезімін арттыру, сондай-ақ бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттау.
Таңғы жаттығу барысында қатысушылар Мемлекеттік Тудың астында бір сапқа тұрып, ортақ жаттығулар орындады. Бұл шара ел бірлігі мен ынтымағын нығайтуға, азаматтардың қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталды.
Жалпы халықтық жаттығуды тәжірибелі нұсқаушы жүргізіп, қатысушылар бірнеше минут бойы сергіту жаттығуларын орындады. Жаттығуға жастар, спортшылар, мемлекеттік қызметкерлер және аудан тұрғындары белсенді қатысты.
Шара барысында Мемлекеттік рәміздердің ел тәуелсіздігін айшықтайтын басты құндылықтар екендігі атап өтілді. Көк Туымыздың астында өткен таңғы жаттығу тұрғындардың бойында отансүйгіштік рухты күшейтіп, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыруға ықпал етті.
Іс-шарада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, қатысушылар елдің тұтастығы мен жарқын болашағына деген сенімдерін білдірді.
Айта кетейік, мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіз Қазақстанның айбыны мен абыройының белгісі. Сондықтан олардың мәртебесін көтеру, жастардың бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба береді.

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

22.07.2026
«Әке жолын қуса — игі»: Ұлттық ұланда әскери әулет дәстүрі жалғасуда

«По стопам отца»: в Национальной гвардии продолжаются традиции военных династий

21.07.2026
«Әке жолын қуса — игі»: Ұлттық ұланда әскери әулет дәстүрі жалғасуда

«Әке жолын қуса — игі»: Ұлттық ұланда әскери әулет дәстүрі жалғасуда

21.07.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

22.07.2026
Түркістанда кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексі түсіндіріліп, BusinessGO цифрлық экожүйесі таныстырылды

Түркістанда кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексі түсіндіріліп, BusinessGO цифрлық экожүйесі таныстырылды

22.07.2026
В Палате предпринимателей Шымкента обсудили вопрос повышения ставок за размещение наружной рекламы

Шымкентте сыртқы жарнаманы орналастыру төлемақысының мөлшерлемесін кезең-кезеңімен арттыру мәселесі талқыланды

21.07.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған