• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 23 июля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА РӘМІЗДЕР АЛЛЕЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

04.06.2026
in Қоғам
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА РӘМІЗДЕР АЛЛЕЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Ордабасы ауданында тағылымы мол мерекелік іс-шара өтті. Мерекелі күнде аудан орталығы Темірлан ауылында жаңа «Рәміздер аллеясы» пайдалануға берілді.
Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, құқық қорғау органдарының басшылары, облыстық мәслихат депутаттары Ғани Райымбеков пен Дулат Әбіш, қоғам қайраткерлері, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, жастар және аудан тұрғындары қатысты. Шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде көтеріліп, Мемлекеттік Әнұран асқақ орындалды.
Жиында сөз сөйлеген аудан әкімі Азат Оралбаев жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, мемлекеттік рәміздердің ұлттың рухани тұтастығы мен тәуелсіздігінің басты нышаны екенін атап өтті.
Іс-шара барысында ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, елдік құндылықтарды дәріптеу мен мемлекеттік рәміздерді насихаттауға үлес қосқан бірқатар азамат аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар аудан өнерпаздары патриоттық және рухты әндер орындап, мерекелік кештің мазмұнын айшықтай түсті.
Айта кетейік, Рәміздер аллеясының құрылысы өткен жылдың қыркүйек айында басталған. Заманауи талаптарға сай бой көтерген нысан аумағында мемлекеттік рәміздер алаңы, сәнді жарық шамдары, түрлі түсті субұрқақ және тұрғындардың демалуына арналған көріктендірілген аумақ орналасқан. Жаңа нысан аудан тұрғындарының игілігіне қызмет етіп қана қоймай, елдік пен тәуелсіздік құндылықтарын дәріптейтін тағылымды орынға айналмақ.

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

22.07.2026
«Әке жолын қуса — игі»: Ұлттық ұланда әскери әулет дәстүрі жалғасуда

«По стопам отца»: в Национальной гвардии продолжаются традиции военных династий

21.07.2026
«Әке жолын қуса — игі»: Ұлттық ұланда әскери әулет дәстүрі жалғасуда

«Әке жолын қуса — игі»: Ұлттық ұланда әскери әулет дәстүрі жалғасуда

21.07.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

22.07.2026
Түркістанда кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексі түсіндіріліп, BusinessGO цифрлық экожүйесі таныстырылды

Түркістанда кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексі түсіндіріліп, BusinessGO цифрлық экожүйесі таныстырылды

22.07.2026
В Палате предпринимателей Шымкента обсудили вопрос повышения ставок за размещение наружной рекламы

Шымкентте сыртқы жарнаманы орналастыру төлемақысының мөлшерлемесін кезең-кезеңімен арттыру мәселесі талқыланды

21.07.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған