• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 15 ноября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ БІРЫҢҒАЙ ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

04.06.2026
in Қоғам, Спорт
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ БІРЫҢҒАЙ ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Сауран ауданында ауқымды патриоттық іс-шара ұйымдастырылды. Түркістан облысы бойынша бір мезетте өткен таңғы жаттығуға аудан тұрғындары, спортшылар, жастар және дене шынықтыру саласының өкілдері қатысып, жалпы саны 500 адам қамтылды.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік рәміздерді ұлықтау, бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру.
Таңғы жаттығуды әйелдер күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Сербия мемлекетінде өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы, сондай-ақ 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы Шұғыла Өмірбек жүргізді. Белгілі спортшы қатысушыларға арнайы жаттығу жасатып, бұқаралық спортпен тұрақты айналысудың маңыздылығын түсіндірді.
Белгіленген уақытқа сәйкес қатысушылар бір мезетте жаттығуды бастап, патриоттық іс-шараға жоғары белсенділік танытты. Жаттығу соңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, барлық қатысушылар «Мемлекеттік рәміздер ұлттық мақтаныштың белгісі» ұранын бірге айтты.
Аталған іс-шара мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыруға, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға және қоғамдағы бірлік пен патриоттық рухты нығайтуға бағытталды.
Айта кетейік, бұл бастама Түркістан облысының барлық аудан-қалаларында бір уақытта ұйымдастырылып, Мемлекеттік рәміздер күніне арналған өңірлік патриоттық акция аясында өткізілді.

Оқи отырыңыз...

Промышленность против экологии: студенты Шымкента провели дебаты

Студенттер пікірсайыста бақ сынады

29.10.2026
Промышленность против экологии: студенты Шымкента провели дебаты

Промышленность против экологии: студенты Шымкента провели дебаты

29.10.2026
Тазалық әр адамның күнделікті іс-әрекетінен басталады

Тазалық әр адамның күнделікті іс-әрекетінен басталады

29.10.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік тілдің мәртебесі – елдігіміздің айғағы

Мемлекеттік тілдің мәртебесі – елдігіміздің айғағы

15.11.2026
ТҮРКІСТАНДА «МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНИКАЦИЯ: МАСС-МЕДИАМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА БАСҚОСУ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНИКАЦИЯ: МАСС-МЕДИАМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА БАСҚОСУ ӨТТІ

14.11.2026
КАЧЕСТВЕННАЯ ПИТЬЕВАЯ ВОДА ДЛЯ ЖИТЕЛЕЙ: В ТОЛЕБИЙСКОМ РАЙОНЕ РЕАЛИЗОВАНО ПОРУЧЕНИЕ ПРЕЗИДЕНТА

КАЧЕСТВЕННАЯ ПИТЬЕВАЯ ВОДА ДЛЯ ЖИТЕЛЕЙ: В ТОЛЕБИЙСКОМ РАЙОНЕ РЕАЛИЗОВАНО ПОРУЧЕНИЕ ПРЕЗИДЕНТА

13.11.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған