• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 22 июня, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркияның Жоғарғы соттарының Төрағалары Түркістанда бас қосты

20.06.2026
in Басты ақпарат
Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркияның Жоғарғы соттарының Төрағалары Түркістанда бас қосты
  • Кеше Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) қатысушы мемлекеттердің жоғары соттарының 2-ші конференциясы өтті. Оған Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан сот органдарының басшылары қатысты. Конференцияны Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиев ашып, Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың құттықтау сөзін оқыды. Мемлекет басшысы талқылауға шығарылған сот процестерін цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын енгізу, сотаралық ынтымақтастықты дамыту және инвесторлардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру мәселелерінің өзекті екендігін атап өткенін қатысушыларға жеткізді. Одан әрі төраға өз сөзінде: «Азаматтардың орналасқан жеріне қарамастан сот қорғауына қолжетім-ділігін қамтамасыз ететін заманауи, цифрлық және аумақтан тыс сот төрелігінің қазақстандық «Болашақ соты» тұжырымдамасын ұсынды. Қазақстанда 15 жыл ішінде жасанды интеллект енгізуге негіз болған сот жүйесінің ауқымды цифрлық инфрақұрылымы құрылды. Қазірдің өзінде сот жүйесінде сот практикасын талдауға, істердің ықтимал нәтижелерін болжауға және қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруға мүмкіндік беретін цифрлық талдау құралдары мен судьялардың зияткерлік көмекшілері қолданылады.» деді.

Пікірталастың едәуір бөлігі инвестициялық тартымдылық пен инвесторларды сотта қорғау мәселелеріне арналды. А.Мерғалиевтің айтуынша, заңнаманың тұрақтылығы, құқық қолданудың болжамдылығы және тиімді сот қорғауы инвестициялық шешімдер қабылдауда негізгі факторлар болып табылады.

Оқи отырыңыз...

БИЛЕР АЛЛЕЯСЫНЫҢ ашылу салтанаты

БИЛЕР АЛЛЕЯСЫНЫҢ ашылу салтанаты

21.06.2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «ДАРА ҰРПАҚ» ИНКЛЮЗИВТІ ТЕАТРЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «ДАРА ҰРПАҚ» ИНКЛЮЗИВТІ ТЕАТРЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

17.06.2026
Алты достың анты: мектептегі достық әскери сапта жалғасты

Алты достың анты: мектептегі достық әскери сапта жалғасты

16.06.2026

Жиын барысында Әкімшілік әділет реформаларының оң нәтижелері және АХҚО соты мен Төрелік орталығын қоса алғанда, мамандандырылған институттардың рөлі атап өтілді. Қазақстанның негізгі бастамаларының бірі сот практикасымен және үздік құқықтық шешімдермен алмасу үшін ТМҰ жоғары соттарының бірыңғай цифрлық платформасын құру туралы ұсынысы айтылды.

Қатысушылар бұл бастаманы қолдап, оның сот төрелігінің сапасын арттыру және ТМҰ-на мүше мемлекеттердің сот жүйелері арасындағы кәсіби өзара іс-қимылды нығайту үшін маңыздылығын атап айтты.

ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев интеграциялық процестерді соттық өлшеудің маңыздылығын атап өтіп, бауырлас мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға назар аударды. Түркия кассациялық сотының төрағасы Омер Керкез, Түркия Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Йигит Зеки, Әзербайжан мен Қырғызстан Жоғарғы Соттарының төрағалары Инам Керимов пен Медербек Сатыев және Өзбекстан Жоғары сот органы төрағасының бірінші орынбасары Әлішер Усманов сотаралық өзара іс-қимылды нығайту, цифрлық сот төрелігін дамыту, ЖИ технологияларын жауапкершілікпен қолдану және инвесторлардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру қажеттігіне тоқталып өтті. Конференцияда сот практикасымен алмасу, сот жүйелерінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету және судьялардың жаңа буынын даярлау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Конференция қорытындысы бойынша делегация басшылары Бірлескен мәлімдемеге қол қойып, цифрлық сот төрелігі саласындағы ынтымақтас-тықты дамыту, тәжірибе және озық практикалармен алмасу ниетін бекітті. Форум соңында А.Мерғалиев қол жеткізілген уағдаластықтар ТМҰ кеңістігінде құқықтық интеграцияны одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

ТМҰ-ның 3-ші конференциясы 2027 жылы Қырғыз елінде өтетін болды.

Қабыл ДҮЙСЕНБИ

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы Саида Мирзиёеваны қабылдады

Саида Мирзиёева кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

21.06.2026
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы Саида Мирзиёеваны қабылдады

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы Саида Мирзиёеваны қабылдады

21.06.2026
БИЛЕР АЛЛЕЯСЫНЫҢ ашылу салтанаты

БИЛЕР АЛЛЕЯСЫНЫҢ ашылу салтанаты

21.06.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған