• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 21 сентября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Денсаулық

ШЫМКЕНТТЕ ЗИЯНКЕСТЕР МЕН КЕМІРГІШТЕРГЕ ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

09.06.2026
in Денсаулық, Қоғам
ШЫМКЕНТТЕ ЗИЯНКЕСТЕР МЕН КЕМІРГІШТЕРГЕ ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласында санитариялық-эпидемиологиялық және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кенелерге, масаларға, кеміргіштерге және шегірткелерге қарсы кешенді өңдеу жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Базарбеков Қайрат Мейрханұлы мәлімдеді.

Оқи отырыңыз...

Сенбілікте бас қосқан мың жас: Шымкентте ауқымды экологиялық акция өтті

Масштабная экологическая акция собрала тысячи школьников, студентов и волонтеров в Шымкенте

19.09.2026
Сенбілікте бас қосқан мың жас: Шымкентте ауқымды экологиялық акция өтті

Сенбілікте бас қосқан мың жас: Шымкентте ауқымды экологиялық акция өтті

19.09.2026
МЕШІТКЕ КЕЛУШІЛЕР ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА АТСАЛЫСТЫ

В ШЫМКЕНТЕ ПРИХОЖАНЕ МЕЧЕТИ ПРИНЯЛИ УЧАСТИЕ В ЭКОЛОГИЧЕСКОЙ АКЦИИ

18.09.2026

Спикердің айтуынша, тұрғындардың денсаулығын қорғау, жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу және қолайлы санитариялық жағдай қалыптастыру мақсатында қала аумағында жыл сайын жоспарлы түрде дезинсекциялық және дератизациялық шаралар ұйымдастырылады. Биылғы жұмыстар да бекітілген кестеге сәйкес кезең-кезеңімен атқарылып жатыр.

Жыл сайын көктем және күз мезгілдерінде жүргізілетін кенеге қарсы залалсыздандыру шаралары биыл да жоспарға сай жүзеге асырылды. Алғашқы кезең 26 наурыз бен 25 мамыр аралығында толық аяқталып, 152 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жануарлары өңделді. Сонымен қатар 4,6 миллион шаршы метрден астам қора-жайлар, мал қоралары, саябақтар мен гүлзарлар аумағында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстарға арнайы техникамен жабдықталған 6 бригада және 18 білікті маман тартылған.

Биылғы бес айдың қорытындысы бойынша қала аумағында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы тіркелген жоқ. Дегенмен кене шағу жағдайымен 475 адам медициналық көмекке жүгінген. Мамандардың мәліметінше, олардың басым бөлігі басқа өңірлерде мал шаруашылығымен айналысу немесе демалыс кезінде кене шағуына ұшыраған. Осыған байланысты тұрғындарға табиғат аясында демалу кезінде сақтық шараларын сақтап, денеге жабысқан кенені өз бетінше жұлып алмауға және дер кезінде медициналық мекемеге жүгінуге кеңес беріледі.

Қалада масаларға қарсы дезинсекциялық шаралар да қарқынды жүргізілуде. Бұл мақсатқа 30 маман мен 20 арнайы техника жұмылдырылған. Өңдеу жұмыстары саябақтарда, өзен-көл арналары, су айдындары мен гүлзарлар аумақтарында кезең-кезеңімен атқарылып жатыр. Бұл шаралар зиянкестердің көбеюінің алдын алып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Сонымен қатар сәуір айында кеміргіштерге қарсы көктемгі дератизация жұмыстары толық аяқталды. Нәтижесінде кеміргіштерден зардап шеккендер саны өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай азайған. Мамандар тұрғындар мен кәсіпкерлерді өз нысандарында санитариялық өңдеу жұмыстарын уақытылы жүргізуге, тазалық талаптарын сақтауға және жұқпалы аурулардың алдын алуға бірлесе атсалысуға шақырады.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

В РАМКАХ WORLD CLEANUP DAY У ПОДНОЖИЯ ГОР ПРОШЕЛ МАСШТАБНЫЙ СУББОТНИК С УЧАСТИЕМ БОЛЕЕ 4 ТЫСЯЧ ЧЕЛОВЕК

В РАМКАХ WORLD CLEANUP DAY У ПОДНОЖИЯ ГОР ПРОШЕЛ МАСШТАБНЫЙ СУББОТНИК С УЧАСТИЕМ БОЛЕЕ 4 ТЫСЯЧ ЧЕЛОВЕК

19.09.2026
Сенбілікте бас қосқан мың жас: Шымкентте ауқымды экологиялық акция өтті

Масштабная экологическая акция собрала тысячи школьников, студентов и волонтеров в Шымкенте

19.09.2026
Сенбілікте бас қосқан мың жас: Шымкентте ауқымды экологиялық акция өтті

Сенбілікте бас қосқан мың жас: Шымкентте ауқымды экологиялық акция өтті

19.09.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған