• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 23 июля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

«ЖАСТАР АЛАҢЫ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

05.06.2026
in Қоғам, Руханият
«ЖАСТАР АЛАҢЫ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

blackboard

Шымкент қаласының Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен жоғары оқу орындарының студенттері арасында діни экстремизм мен терроризм идеологиясының алдын алу, жастардың діни сауаттылығын арттыру және сыни ойлау мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізілген «Жастар алаңы» интеллектуалды сайысының іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті.

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

22.07.2026
«Әке жолын қуса — игі»: Ұлттық ұланда әскери әулет дәстүрі жалғасуда

«По стопам отца»: в Национальной гвардии продолжаются традиции военных династий

21.07.2026
«Әке жолын қуса — игі»: Ұлттық ұланда әскери әулет дәстүрі жалғасуда

«Әке жолын қуса — игі»: Ұлттық ұланда әскери әулет дәстүрі жалғасуда

21.07.2026

https://www.facebook.com/reel/1742671466905153
Іріктеу кезеңіне Шымкент қаласындағы жоғары оқу орындарының атынан 18 команда қатысып, өзара білім мен интеллект сайысында бақ сынады. Қатысушылар ұлттық құндылықтар, зайырлы мемлекет қағидаттары, дін және қоғам, ақпараттық қауіпсіздік, сыни ойлау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағыттары бойынша білімдерін көрсетті.
Сайыс барысында студенттер логикалық тапсырмаларды орындап, күрделі сұрақтарға жауап беріп, өздерінің тапқырлығы мен командада жұмыс істеу қабілеттерін дәлелдеді. Әр команда жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, тартысты бәсеке қалыптастырды.
Қазылар алқасының шешімімен үздік нәтиже көрсеткен 8 команда келесі кезеңге өтіп, телевизиялық форматта түсірілетін негізгі ойынға жолдама алды.
Телевизиялық кезеңге өткен командалар:
— «Арқас» командасы – Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті;
— «Мстители» командасы – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті;
— «Алаш» командасы – Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті;
— «Алмас қылыш» командасы – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті;
— «Жасын» командасы – Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті;
— «V4» командасы – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті;
— «Марс жастары» командасы – Орта Азия Инновациялық университеті;
— «Med IQ» командасы – Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы.
Алдағы телевизиялық ойын барысында командаларды жаңа форматтағы интеллектуалдық бәсеке, блиц-сұрақтар, логикалық тапсырмалар, пікірталас кезеңдері және көрермендерге арналған қызықты форматтағы сындар күтеді.
«Жастар алаңы» жобасы – жастардың білімін шыңдап қана қоймай, олардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға, діни экстремизм мен терроризм идеологияларына қарсы берік иммунитет қалыптастыруға бағытталған маңызды қоғамдық жоба. Осындай алаңдар арқылы жастардың сыни ойлау қабілеті дамып, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға үлес қосатын белсенді азаматтар қалыптасады.
Шымкент қаласының Дін істері басқармасы барлық қатысушыларға белсенділігі мен жоғары дайындық деңгейі үшін алғыс білдіреді. Телевизиялық кезеңге жолдама алған командаларды құттықтай отырып, алдағы шешуші кезеңде сәттілік пен жарқын жеңістер тілейміз!
Білімді жастар – қауіпсіз қоғамның кепілі!

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

22.07.2026
Түркістанда кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексі түсіндіріліп, BusinessGO цифрлық экожүйесі таныстырылды

Түркістанда кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексі түсіндіріліп, BusinessGO цифрлық экожүйесі таныстырылды

22.07.2026
В Палате предпринимателей Шымкента обсудили вопрос повышения ставок за размещение наружной рекламы

Шымкентте сыртқы жарнаманы орналастыру төлемақысының мөлшерлемесін кезең-кезеңімен арттыру мәселесі талқыланды

21.07.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған