«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Шымкент ҚПД Қаратау АПБ қызметкерлері және Қаратау ауданы прокуратурасымен бірлесіп, киберқылмысқа қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
📅 18–23 мамыр аралығында интернет-алаяқтықтың, киберқылмыстар мен дропперлік әрекеттердің алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар өтуде.
👮♂️ Тұрғындарға:
▪️ интернет-алаяқтардың айла-тәсілдері;
▪️ банк карталары мен жеке деректерді қорғау жолдары;
▪️ дроппер болудың құқықтық салдары түсіндірілді.
📄 Сонымен қатар, арнайы жадынамалар мен ақпараттық парақшалар таратылды.
#ЗаңМенТәртіп



