• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 13 мая, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

ПІСТЕЛІДЕ САУМАЛМЕН ЕМДЕЙТІН ТУРИСТІК КЕШЕН АШЫЛАДЫ

11.05.2026
in Без рубрики
ПІСТЕЛІДЕ САУМАЛМЕН ЕМДЕЙТІН ТУРИСТІК КЕШЕН АШЫЛАДЫ

Ауданымызда туризм саласын дамыту бағытындағы жобалар саны жыл сайын артып келеді. Соның бірі – Жаскешу ауылдық округіне қарасты Пістелі ауылында салынып жатқан “Saumal De Lux” туристік-сауықтыру кешені. Бүгін аудан әкімі Асқар Естібаев нысанға арнайы барып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.
Туристік кешеннің басты ерекшелігі – саумалмен емдеу, жылқы туризмін дамыту және табиғат аясындағы демалысты ұлттық дәстүрмен ұштастыру. Мұнда келушілер ұлттық тағамдардың дайындалу үдерісін тамашалап қана қоймай, таба нан пісіру мен қолдың майын жасау секілді көнеден келе жатқан дәстүрлермен де таныса алады.
Қазіргі таңда кешен құрылысының 90 пайызы аяқталған. Жоба 2026–2027 жылдар аралығында үш кезең бойынша жүзеге асырылмақ.
Бірінші кезең: заманауи қонақ үй мен коттедждер
2026 жылы іске асырылатын алғашқы кезең аясында жалпы аумағы 1280 шаршы метрді құрайтын заманауи қонақ үй пайдалануға беріледі. Қонақ үй құрамында 14 стандартты бөлме мен 2 VIP нөмір қарастырылған. Сонымен қатар арнайы мейрамхана, 2 VIP кабинка, жазғы демалыс алаңы және әрқайсысының көлемі 160 шаршы метр болатын 3 ерекше үлгідегі коттедж салынуда.
Екінші кезең: спорт, экотуризм және демалыс аймақтары
2026–2027 жылдары жүзеге асатын екінші кезеңде 1080 шаршы метрлік спорт кешені, жазғы бассейн, 10 глемпинг, 5 киіз үй бой көтереді.
Сондай-ақ балық шаруашылығын дамыту, Көкбұлақ өзені үстінен екі аспалы көпір салу және тау бөктерімен өтетін 1,5 шақырымдық жаяу жүргіншілер жолын жасау жоспарланған.
Бастапқы жоспар бойынша кешеннің алғашқы кезеңі 2026 жылдың наурыз айында ашылуы тиіс болған. Алайда инфрақұрылым мен қаржыландыру мәселелеріне байланысты құрылыс мерзімі ұзартылып, нысанды толық аяқтау 1 шілдеге жоспарланып отыр.
Құрылыс жұмыстарымен танысқан аудан әкімі әкімдік тарапынан газ, электр жарығы, жол және өзге де инженерлік инфрақұрылымдарды жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетілетінін және жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды сұрады.
“Saumal De Lux” кешені іске қосылғаннан кейін өңірдегі туризм саласына жаңа серпін беріп, аудан экономикасының дамуына оң ықпал ететіні сөзсіз. Жоба аясында ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамту мәселесіне де ерекше көңіл бөлінуде. Туристік кешен толық іске қосылған кезде қонақүй қызметі, қоғамдық тамақтану, экскурсия жүргізу, ат туризмі және қызмет көрсету салалары бойынша жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Бұл өз кезегінде ауыл халқының табысын арттырып, өңірдегі кәсіпкерліктің дамуына оң әсер етеді.
Кешеннің табиғи ортада орналасуы экотуризмді дамытуға да үлкен мүмкіндік беріп отыр. Таулы аймақтың таза ауасы, табиғи су көздері мен көркем табиғаты демалушылар үшін ерекше тартымды болмақ. Болашақта мұнда отбасылық демалыс, сауықтыру турлары және ұлттық дәстүрлерге негізделген арнайы туристік бағдарламалар ұйымдастыру жоспарлануда.
Сонымен қатар жоба ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған этнотуризм бағытын дамытуға үлес қоспақ. Келушілер қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен танысып, ұлттық тағам түрлерін әзірлеу, қолөнер бұйымдарын жасау және дәстүрлі салт-сананы насихаттайтын мәдени шараларға қатыса алады. Бұл жастардың ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
Мамандардың пікірінше, мұндай туристік нысандар Түркістан облысының туристік әлеуетін арттырып қана қоймай, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін береді. Әсіресе ішкі туризмнің дамуы шағын және орта бизнестің жандануына, сервистік қызмет сапасының артуына және өңірге келетін туристер санының көбеюіне мүмкіндік жасайды.

Оқи отырыңыз...

АУЫЗСУ САПАСЫН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ҚАРҚЫН АЛДЫ

АУЫЗСУ САПАСЫН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ҚАРҚЫН АЛДЫ

11.05.2026
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ОЙЫНДАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ОЙЫНДАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

09.05.2026
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

09.05.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Келес өңірінде іскер әйелдер форумы өтті: жаңа технологиялар – жаңа мүмкіндіктер

Келес өңірінде іскер әйелдер форумы өтті: жаңа технологиялар – жаңа мүмкіндіктер

13.05.2026
Өндіріс пен білім үндестігі: Студенттер BNK GROUP алаңында 

Өндіріс пен білім үндестігі: Студенттер BNK GROUP алаңында 

13.05.2026
Құрметті Түркістан қаласы мен Түркістан облысының тұрғындары және қала қонақтары!

Құрметті Түркістан қаласы мен Түркістан облысының тұрғындары және қала қонақтары!

12.05.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған