• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 11 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

11.04.2026
in Басты ақпарат

Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық «Таза қала» акциясы ұйымдастырылып, санитарлық-тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікті арттыру және қаланың санитарлық жағдайын жақсарту.

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды

11.04.2026
ШЫМКЕНТТЕ «AUYL INVEST FEST – 2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ «AUYL INVEST FEST – 2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

11.04.2026
Түркістанда кәсіпкерлерге арналған ауқымды бизнес-кездесу өтті

Түркістанда кәсіпкерлерге арналған ауқымды бизнес-кездесу өтті

10.04.2026

Акция барысында қала аумағындағы барлық аудандарда аулалар, саябақтар, гүлзарлар мен қоғамдық кеңістіктер тазартылып, жасыл аймақтар ретке келтірілді. Сонымен қатар ағаштарды әктеу, шөп шабу, бұталарды қырқу, заңсыз қоқыс орындарын жою, тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын шығару жұмыстары жүргізілді. Қалалық инфрақұрылым элементтерін қалпына келтіру мақсатында дәнекерлеу және сырлау жұмыстары да атқарылды.

Жалпы акцияға 57 мыңға жуық адам қатысып, 304 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде қала аумағынан 440 тоннадан астам тұрмыстық және құрылыс қалдықтары шығарылды.

Абай ауданында ауқымды жұмыстар жүргізілді

Абай ауданы аумағында тазалық жұмыстары бес негізгі сектор бойынша ұйымдастырылды. Олардың қатарында «ШымСити», «Қызылжар», «Ақжайық» шағын аудандары, «Асар» тұрғын алабы және Есімхан көшесі бар.

Аудан бойынша сенбілікке 25 мыңнан астам адам қатысты. Іс-шараға тұрғындар, жастар, еріктілер, коммуналдық қызмет мамандары мен түрлі ұйым өкілдері белсене атсалысты. 56 арнайы техника жұмылдырылып, 146 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

«ШымСити» аумағында өткен тазалық жұмыстарына тұрғындармен бірге жастар мен еріктілер белсенді қатысып, аумақты абаттандыруға үлес қосты. Сонымен қатар ардагерлер қауымы да сенбілікке қатысып, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызын атап өтті.

Абай ауданы Ардагерлер кеңесінің мүшесі Орынша Тәжібаева мұндай бастамалардың тәрбиелік мәніне тоқталып:

««Таза Қазақстан» бағдарламасына қатысу – тек еңбек емес, бұл тәрбиелік үдеріс. Ардагерлер жастарға туған жерге сүйіспеншілік пен жауапкершілікті үлгі етеді», – деді.

Қаратау ауданында тазалық жұмыстары жүргізілді

Қаратау ауданы аумағындағы Нұртас-1 шағын ауданында тұрғындар, еріктілер, коммуналдық қызметкерлер мен мемлекеттік мекемелер өкілдері бірлесіп тазалық жұмыстарын атқарды. Мұнда Кәусар каналы бойы тазартылып, тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Аталған аумақта шамамен 1000-ға жуық адам қатысып, қоғамдық орындарды ретке келтіру жұмыстарына үлес қосты. Жалпы аудан бойынша 7000-нан астам адам жұмылдырылып, 58 арнайы техника көмегімен 41 тонна қоқыс шығарылды.

Тұран ауданында кең көлемді сенбілік өтті

Тұран ауданы аумағында сенбілік 6 негізгі аумақта ұйымдастырылды. Ең ауқымды жұмыстар Өтегенов және Алтынжол көшелерінде жүргізілді.

Іс-шараға 70-тен астам арнайы техника жұмылдырылып, 10 мыңнан астам адам қатысты. Тұрғындармен бірге студенттер, еріктілер, ардагерлер мен мекеме қызметкерлері де белсенді атсалысты. Сенбілік барысында аулалар мен қоғамдық аумақтар тазартылып, жасыл желектер күтіп-бапталды.

Әл-Фараби ауданында Сәуле шағын ауданы тазартылды

Әл-Фараби ауданы аумағындағы Сәуле шағын ауданында жалпықалалық Тазалық күні аясында санитарлық жұмыстар жүргізілді.

Сенбілікке шамамен 5000 адам қатысты. Іс-шараға тұрғындармен бірге коммуналдық қызмет мамандары, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС қызметкерлері және әскери бөлімнің жеке құрамы жұмылдырылды. Нәтижесінде шамамен 50 гектар аумақ тазартылып, заңсыз қоқыс орындары жойылды. 33 арнайы техника тартылып, 110 тонна қоқыс шығарылды.

Еңбекші ауданында жастар белсенділік танытты

Еңбекші ауданы аумағында өткен тазалық жұмыстарына қала жастары мен еріктілері белсенді қатысты. Олар Шымкент мұнай өңдеу зауыты маңында санитарлық тазалау және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

«Жастар ресурстық орталығының» басшысы Жансерік Жұман жастардың белсенділігіне тоқталып, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызын атап өтті.

Жалпы аудан бойынша 12 мыңнан астам адам қатысып, 81 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 66 тонна қоқыс шығарылды.

Қорытынды

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бір реттік іс-шара емес, қала экологиясын жақсартуға және тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған жүйелі бастама болып табылады. Мұндай шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасып, қоғамның барлық санаттарын ортақ экологиялық мәдениетке жұмылдыруға ықпал етпек.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды

11.04.2026
ШЫМКЕНТТЕ «AUYL INVEST FEST – 2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ «AUYL INVEST FEST – 2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

11.04.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

11.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған