• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 15 ноября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

23.03.2026
in Басты ақпарат
ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

▪️Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл игі шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы шеңберінде қолға алынды.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАНДА «МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНИКАЦИЯ: МАСС-МЕДИАМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА БАСҚОСУ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНИКАЦИЯ: МАСС-МЕДИАМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА БАСҚОСУ ӨТТІ

14.11.2026
Дуальды оқыту бойынша тәлімгерлерге арналған біліктілікті арттыру курсы аяқталды

Дуальды оқыту бойынша тәлімгерлерге арналған біліктілікті арттыру курсы аяқталды

11.11.2026
Жұмыс берушілердің кадр даярлауға қатысуы

Жұмыс берушілердің кадр даярлауға қатысуы

11.11.2026

▪️Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келген «Мөлдір бұлақ» экоакциясының мәні ерекше. Себебі, Ұлыстың ұлы күні – жаңару мен тазалықтың, табиғаттың қайта түлейтін кезеңі. Осыған орай, Наурызнаманың Тазару күні аясында Түркістан облысының шығыс қақпасы саналатын Түлкібас ауданында табиғатты қорғауға бағытталған ауқымды экологиялық іс-шара өтті.

 

▪️Табиғаты көркем, Қаратау мен Алатаудың түйіскен тұсында орналасқан Түлкібас өңірі – мөлдір бұлақтар мен өзендердің мекені. Мұнда жеті өзен бастау алып, жүзге жуық бұлақ көзі халық игілігіне қызмет етуде. Бұл табиғи байлық – өңірдің тыныс-тіршілігінің негізі.

 

▪️Экологиялық акцияға облыс әкімі Нұралхан Көшеров бастаған өңір басшылығы, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, еріктілер және белсенді жастар қатысып, ортақ іске жұмыла кірісті. Акция барысында «Әулие бастау» бұлағының көзі тазартылып, айналасы абаттандырылды. Сонымен қатар табиғат көркін арттыру мақсатында бұлақ маңына ағаш көшеттері отырғызылды. Облыс әкімі өз сөзінде бұл бастаманың маңыздылығына тоқталып өтті.

 

📌– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы бүгінгі Үндеуінде: «Республика аумағында «Мөлдір бұлақ» бастамасын жаппай жүзеге асыру қолға алынды. Бұл жоба аясында бұлақтардың көзін ашып, тал егу, жағалаулар мен су айдындарын, аулалар мен саябақтарды тазалау жұмыстары жалғаса береді», дей келе «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына ресми түрде бастау берді. «Мөлдір бұлақ» акциясы – тек бір күндік шара емес, бұл – болашақ ұрпаққа таза табиғат қалдыру жолындағы жүйелі жұмыс. Бүгінде су тапшылығы – барлық өңірге ортақ мәселе. Сондықтан бұлақ көздерін сақтау, оларды тұрақты түрде тазалау және тиімді пайдалану – баршамыздың міндетіміз. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген халқымыздың даналығы осы бастаманың мәнін айқындайды. Бүгінгі акцияға облыс бойынша 1500 адам қатысуда. Жалпы, алдағы уақытта өңірдегі 1500-дей бұлақтың көзін ашамыз, – деді Нұралхан Көшеров.

 

«Әулие бастау» бұлағы – 1940 жылдан бері халық игілігіне қызмет етіп келе жатқан маңызды су көзі. Бүгінде ол Жыланды және Көкбұлақ өзендері арқылы Арыс өзеніне құйып, бірнеше ауылдың егістік алқаптары мен тұрғын үйлерін сумен қамтамасыз етуде. Атап айтқанда, 45 гектар суармалы жер, 30 гектар егістік және 120-дан астам үй осы бұлақтың игілігін көруде.

 

▪️Жалпы, Түлкібас ауданында 59 елді мекеннің 49-ы ауыз суды табиғи бұлақ көздерінен тұтынып отыр. Сонымен қатар 111 канал арқылы 13 832 гектар ауыл шаруашылығы жері ағын сумен қамтамасыз етілуде. Бұл – табиғи су көздерінің өңір үшін стратегиялық маңызға ие екенін көрсетеді.

▪️Айта кету керек, бұл күні экологиялық акция облыстың барлық аудандарында бір мезетте ұйымдастырылып, оған 1500-ге жуық адам қатысты. Ал «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында өңір бойынша 1,3 миллионға жуық тұрғын қатысып, 1 миллионнан астам ағаш көшеттері отырғызылған. Бұл жұмыстар жалғасады.

▪️Алдағы уақытта бұлақ көздерін сақтау мақсатында заманауи тәсілдер енгізіліп, соның ішінде цифрландыру элементтері – QR-кодтар орнату жоспарлануда. Бұл бұлақтар туралы ақпарат алуды жеңілдетіп, халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға ықпал етеді.

Қорытындылай келе, «Мөлдір бұлақ» акциясы – табиғатты қорғау ғана емес, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, қоғамның экологиялық жауапкершілігін қалыптастыру бағытындағы маңызды қадам. Осындай игі бастамалар жалғасын тауып, еліміздің әр өңірінде кеңінен жүзеге аса беретіні сөзсіз.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік тілдің мәртебесі – елдігіміздің айғағы

Мемлекеттік тілдің мәртебесі – елдігіміздің айғағы

15.11.2026
ТҮРКІСТАНДА «МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНИКАЦИЯ: МАСС-МЕДИАМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА БАСҚОСУ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНИКАЦИЯ: МАСС-МЕДИАМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА БАСҚОСУ ӨТТІ

14.11.2026
КАЧЕСТВЕННАЯ ПИТЬЕВАЯ ВОДА ДЛЯ ЖИТЕЛЕЙ: В ТОЛЕБИЙСКОМ РАЙОНЕ РЕАЛИЗОВАНО ПОРУЧЕНИЕ ПРЕЗИДЕНТА

КАЧЕСТВЕННАЯ ПИТЬЕВАЯ ВОДА ДЛЯ ЖИТЕЛЕЙ: В ТОЛЕБИЙСКОМ РАЙОНЕ РЕАЛИЗОВАНО ПОРУЧЕНИЕ ПРЕЗИДЕНТА

13.11.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған