Медиация – тараптардың дауды өзара екі жақты келісіп шешетін шара. «Медиация » сөзі латын тілінен аударғанда «делдал, екі тарапты мәмілеге келтіруші үшінші тұлға » деген мағынаны білдіреді. Медиация тәсілі сот жүйесіндегі әділ төрелікті қамтамасыз етудің бірден-бір жолы.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 120-бабында татуластыру рәсімдері көзделген. Тараптар өзара жол беру негізінде әкімшілік процестің барлық сатысында (кезеңінде) сот шешім шығаруға кеткенге дейін татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу арқылы әкімшілік істі толығымен немесе ішінара аяқтай алады. Татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар немесе олардың өкілдері қол қояды. Сот тараптардың татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімін бекіткен кезде сот талап қоюды толығымен немесе тиісті бір бөлігінде қайтару туралы ұйғарым шығарады. Татуласу келісімі келген кезде төленген мемлекеттік баж қайтарылады. Медиациялық келісімді орындамаған кезде, талап қоюшының өтініш негізінде атқару парағымен мәжбүрлеп орындауға жолдайды.
А.ТЫНЫШТЫҚ,
Шымкент гарнизоны әскери соты
әкімшісінің бас маманы –
сот отырысының хатшысы.




