• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 26 февраля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

АТА ЗАҢ – АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ КЕПІЛІ

26.02.2026
in Басты ақпарат
АТА ЗАҢ – АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ КЕПІЛІ

Жаңа Конституциядағы азаматтардың еңбек құқықтарына қатысты мәселелер «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы өкілдерінің Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, «Темірлан абаттандыру» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының еңбек ұжымымен өткен кездесуінде талқыланды. Жұмысшылармен кездесуге Парламент Сенатының депутаттары Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек, Түркістан облыстық мәслихатындағы фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ғани Райымбеков, саяси партиялардың өкілдері атынан Бейбіт Биназаров, белсенді қоғам мүшелері қатысты.

Оқи отырыңыз...

ӨНДІРІС ӨКІЛДЕРІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ҚОЛДАЙДЫ

ӨНДІРІС ӨКІЛДЕРІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ҚОЛДАЙДЫ

26.02.2026
ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫ ЖАҢА АТА ЗАҢДЫ ҚОЛДАДЫ

ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫ ЖАҢА АТА ЗАҢДЫ ҚОЛДАДЫ

26.02.2026
ҚУАТТЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ – ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ

ҚУАТТЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ – ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ

26.02.2026

Кездесуде жаңа Конституцияда азаматтардың еңбек қатынастары саласындағы құқықтарын нығайтуға бағытталған өзгерістер жайлы мағлұмат беріліп, бұл құқықтық нормалар халықаралық стандарттарға сәйкес еңбек адамдарының мүддесін қорғау, жұмысшылардың қауіпсіз жағдайда жұмыс істеуіне жағдай жасау және лайықты еңбекақы алуына ең жоғары заңдық кепілдік беру міндеттерін көздейтіні айтылды.

«- Азаматтардың еңбек ету, олардың қауіпсіз жұмыс орнымен қамтылуы және әділ төлемақы құқығына ие болуы енді Еңбек кодексінің талабымен ғана емес, Ата заңмен қорғалатын ең жоғарғы құқық болып табылады. «Еңбек құқығы» ұғымының конституциялық деңгейде айқындалуы – мемлекеттің азаматтар алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін күшейтіп отыр. Бұл норма әрбір азаматтың жұмыспен қамтылуына тең мүмкіндік беруді, еңбек саласында кемсітушілікке жол бермеуді және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша мемлекеттің нақты міндеттерін көздейді», — деді жұмысшылармен кездесуде Әли Бектаев.

Парламент Сенатының депутаты Мұрат Қадырбек еңбек қатынастары саласын реттейтін жаңа конституциялық нормалар туралы қосымша ақпарат беріп, бұл талаптар Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіге толық сәйкес келетінін айтты. Түркістан облыстық мәслихатындағы фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев жаңа Конституцияда миллиондаған отандасымыздың үміті мен сенімі ұялағанын жеткізіп, біз қабылдайтын Ата заң – азаматтар арқа сүйейтін мемлекет құруды, көпшілікке қорған болатын заң қабылдауды және адамның абыройы мен ар-ожданы бәрінен биік тұратын қоғам болуды мақсат тұтатынын мәлімдеді.

Коалиция мүшесі Бейбіт Биназаров, ауданның абыройлы қариясы Лесбек Жүсіп Ата заңдағы іргелі өзгерістер жұмыскерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарының сақталуына конституциялық деңгейде кепілдік беретінін және бұл нормалар еңбек адамының мәртебесін көтеріп, мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғауды күшейтетіні түсіндірді. Жұмысшылар еңбек адамдарының мүддесі мен құқығын қорғау тетіктерін нақты қарастырған Конституция жобасына қолдауын білдіріп, алдағы референдумда Әділетті қоғам құруды жақтап өз таңдауларын жасайтындарын айтты.

#референдум

#референдум2026

#жаңаКонституция

#новаяКонституция

#АтаЗаң

#15наурыз

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

АТА ЗАҢ – АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ КЕПІЛІ

АТА ЗАҢ – АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ КЕПІЛІ

26.02.2026
ӨНДІРІС ӨКІЛДЕРІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ҚОЛДАЙДЫ

ӨНДІРІС ӨКІЛДЕРІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ҚОЛДАЙДЫ

26.02.2026
ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫ ЖАҢА АТА ЗАҢДЫ ҚОЛДАДЫ

ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫ ЖАҢА АТА ЗАҢДЫ ҚОЛДАДЫ

26.02.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған