• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 26 февраля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫ ЖАҢА АТА ЗАҢДЫ ҚОЛДАДЫ

26.02.2026
in Басты ақпарат
ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫ ЖАҢА АТА ЗАҢДЫ ҚОЛДАДЫ

Оқи отырыңыз...

АТА ЗАҢ – АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ КЕПІЛІ

АТА ЗАҢ – АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ КЕПІЛІ

26.02.2026
ӨНДІРІС ӨКІЛДЕРІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ҚОЛДАЙДЫ

ӨНДІРІС ӨКІЛДЕРІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ҚОЛДАЙДЫ

26.02.2026
ҚУАТТЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ – ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ

ҚУАТТЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ – ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ

26.02.2026

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы өкілдерінің тұрғындармен кезекті бейресми кездесуі Шардара қаласындағы жеке кәсіпкер Талғат Жалғасбаевтың балық өңдеу зауытының өндірістік алаңында өтті. Зауыт жұмысшыларымен кездесуге коалицияның Түркістан өңірлік жетекшісі, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, саяси партиялар мен азаматтық ұйымдардың белсенділері, жергілікті қоғам белсенділері қатысты.

Жиында жаңа Ата заң өкілеттіктерді бөлу, мемлекеттік билік тепе-теңдігін орнату, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін бекіту, еліміздің жаңа стратегиялық даму бағыттарын белгілеу екені айтылды. Бұл өзгерістер ұзақ жылдар бойы қалыптасқан қоғамдық сұраныстың және уақыт талабының заңды нәтижесі екеніне баса мән берілді.

Кездесуде облыстық мәслихат төрағасы Конституция айқындаған әлеуметтік саясаттың басты мақсаты әрбір азаматтың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау екенін атап өтті. Мемлекет өзіне жүктелген әлеуметтік міндеттерді атқаруда елді мекендерді ауыз сумен, табиғи газбен қамтып отырғаны, жаңа мектептер мен балабақшалар салуды, денсаулық сақтау саласын жаңғыртуды, жаңа емдеу мекемелерін ашуды белсенді түрде жүргізіп жатқаны айтылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, азаматтардың өмір сапасын арттыруға, аймақтар арасындағы теңгерімді дамуға және қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға қызмет ететіні жеткізілді.

«- Әлеуметтік әділеттілік пен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету – мемлекет дамуының маңызды бағыты. Халықтың әл-ауқаты артпайынша, экономикалық өсімнің де, реформалардың да толық нәтижесі болмайды. Сондықтан мемлекеттің саясаты ең алдымен адамға бағытталуы тиіс екені Ата заңда нақтыланып, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға деген басымдылық конституциялық деңгейде бекітіліп отыр», — деді Нұралы Әлмаханұлы.

Жаңа конституцияның басты ерекшелігі оның адамға бағытталуында екенін Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Бақытжан Серманизов та атап өтті. Негізгі заңның әрбір нормасы азаматтың құқығы мен бостандығын қорғауға, оның өмір сапасын арттыруға және қоғамдағы орнын нығайтуға арналуы қазіргі конституциялық реформалардың өзегіне айналғанын жеткізді.

«- Конституцияның екінші бөлімінде азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері жүйеленіп, олардың әлеуметтік, саяси және экономикалық құқықтары нақты көрсетілген. Бұл – әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етудің құқықтық негізі. Әсіресе, еңбек ету, білім алу, медициналық көмекке қол жеткізу, әлеуметтік қорғау секілді маңызды бағыттар конституциялық деңгейде бекітілген. Сонымен қатар, Жаңа Конституция заманауи сын-қатерлерді де ескерген. Технологиялық даму, цифрландыру, жасанды интеллект дәуірі жағдайында адамның құқығы мен дербес деректерін қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері де Ата заңның назарында болады», — деді Бақытжан Серманизов.

Сондай-ақ Негізгі заң мемлекет қызметінің стратегиялық басымдықтарын айқындап, адами капиталды дамытуға ерекше мән беретіні жеткізіліп, зауыт ұжымы жаңа Конституция нормаларына қолдауын білдіретінін атап өтті.

Коалиция мүшелерінің еңбек ұжымымен кездесу жиыны одан әрі «Қазкрахмал» ЖШС-нің өндірістік алаңында жалғасты. Кездесуде адам Конституция белгілеген мемлекеттің ең басты құндылығы екені айтылды. Бұл қағидат декларативті ұстаным ғана емес, нақты құқықтық тетіктермен бекітілген жүйе екеніне баса мән берілді. «- Жаңа Конституцияда адам құқықтары мен бостандықтарына берілетін кепілдіктер күшейтіліп, оларды қорғаудың тиімді механизмдері нақтыланды. Мемлекет пен азамат арасындағы өзара жауапкершілік айқындалып, құқық үстемдігі қағидаты берік орнықты. Негізгі заң мемлекет қызметінің стратегиялық басымдықтарын айқындап, адами капиталды дамытуға ерекше мән береді. Білім, ғылым және инновацияны қолдау азаматтардың әлеуетін ашуға бағытталған ұзақмерзімді саясаттың көрінісі. Себебі қуатты мемлекет ең алдымен білімді, дені сау, әлеуметтік қорғалған азаматтар арқылы қалыптасады», — деп атап өтті кездесуде Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов.

Ұжым өкілдері жаңа Конституцияны қолдайтындарын және ел дамуының негізгі бағыты – әділетті Қазақстан жолын таңдауға толық сенім білдіретіндерін айтты. Конституция азаматтар құқықтарын қорғаудағы негізгі құрал болып, елдің тұрақты дамуына жол ашатынына сенім білдірді.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

АТА ЗАҢ – АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ КЕПІЛІ

АТА ЗАҢ – АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ КЕПІЛІ

26.02.2026
ӨНДІРІС ӨКІЛДЕРІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ҚОЛДАЙДЫ

ӨНДІРІС ӨКІЛДЕРІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ҚОЛДАЙДЫ

26.02.2026
ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫ ЖАҢА АТА ЗАҢДЫ ҚОЛДАДЫ

ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫ ЖАҢА АТА ЗАҢДЫ ҚОЛДАДЫ

26.02.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған