• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 21 февраля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Қазақстанның TCCI-дағы төрағалығы: Түркістанда 2026 жылға арналған Іс-шаралар жоспары бекітілді

21.02.2026
in Басты ақпарат
Қазақстанның TCCI-дағы төрағалығы: Түркістанда 2026 жылға арналған Іс-шаралар жоспары бекітілді

2026 жылғы 20 ақпанда Түркістан қаласында Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағы (TCCI) Жұмыс тобының отырысы өтті. Іс-шараны Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақов жүргізді.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) экономика және сауда министрлерінің 14-ші отырысы өтті

Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) экономика және сауда министрлерінің 14-ші отырысы өтті

21.02.2026
В Алматы члены Общенациональной коалиции обсудили проект Новой Конституции с представителями культуры

В Алматы члены Общенациональной коалиции обсудили проект Новой Конституции с представителями культуры

20.02.2026
Түркістан Түркі аймағының жаңа экономикалық шешімдерінің алаңына айналды

Түркістан Түркі аймағының жаңа экономикалық шешімдерінің алаңына айналды

20.02.2026

Отырысқа Түркі инвестициялық қорының президенті Бағдат Әмреев, Түркістан облыстық мәслихатының және Өңірлік кеңестің төрағасы Нұралы Әбішов, Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының орынбасары Мерей Мұқажан, Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағы Тұрақты хатшылығының бас хатшысы Адем Кула, Түркі мемлекеттері әйел кәсіпкерлері кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова және қатысушы елдердің сауда-өнеркәсіп палаталарының басшылары қатысты.

Отырысты аша отырып, Мұрат Қарымсақов 2026 жылы Қазақстан Республикасы Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағына төрағалық ететінін атап өтті, бұл практикалық ынтымақтастық күн тәртібін қалыптастыруға ерекше мән береді. Отырыстың негізгі мәселесі түркі мемлекеттерінің іскерлік топтары арасындағы көпжақты өзара іс-қимылды дамытуға және бірлескен экономикалық бастамаларды іске асыруға бағытталған 2026 жылға арналған Іс-шаралар жоспарын бекіту болды.

Талқылау барысында қатысушылар бекітілетін Іс-шаралар жоспары формалды құжат емес, нақты басымдықтарды, іске асыру тетіктерін, бекітілген орындаушыларды және айқын мерзімдерді қамтитын тиімді құралға айналуы тиіс екенін атап өтті. Мұндай тәсіл қабылданған шешімдердің іс жүзінде орындалуын қамтамасыз етіп, ұзақ мерзімді перспективада экономикалық өзара іс-қимылдың тұрақты архитектурасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Осы ретте Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев өңірлік деңгейдегі іскерлік бастамалардың маңыздылығына тоқталып өтті:

«Түркістанда қабылданған шешімдер тек хаттамалық құжатпен шектелмеуі тиіс. Біз өңір кәсіпкерлері үшін нақты жобалар, нақты серіктестер және нақты нарықтарға шығу мүмкіндіктерін қалыптастыруға мүдделіміз. Түркі мемлекеттері арасындағы экономикалық ықпалдастық – бұл ортақ тарихи тамыр ғана емес, болашаққа бағытталған прагматикалық әріптестік. Біздің мақсат – осы әлеуетті толық іске қосып, шағын және орта бизнестің халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттыру», – деді ол.

Отырыс қорытындысы бойынша дауыс беру өткізілді, нәтижесінде Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағының 2026 жылға арналған Іс-шаралар жоспары бірауыздан бекітілді. Құжат іскерлік ынтымақтастықты кеңейтуге, өнеркәсіпте, агроөнеркәсіптік кешенде және қызмет көрсету саласында кооперацияны дамытуға, сондай-ақ бірлескен инвестициялық жобаларды ілгерілету үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған бастамалар кешенін іске асыруды көздейді.

Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағын институционалдық тұрғыдан нығайту және оны Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің іскерлік топтары арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі платформасы ретінде тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар шешімдерді жедел қабылдауға және оларды тиімді іске асыруға ықпал ететін тұрақты үйлестіру тетіктерін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Айта кету керек, іс-шара аясында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен «QazTrade» арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Құжатқа қол қою қазақстандық экспорттаушыларды қолдау, отандық өнімді сыртқы нарықтарға ілгерілету және халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі бірлескен бастамаларды дамытуға бағытталған.

Түркістанда өткен Жұмыс тобының отырысы Қазақстан Республикасының Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағындағы төрағалығын іске асырудың маңызды кезеңі болды және Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының түркі мемлекеттері арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытудағы, іскерлік байланыстарды кеңейтудегі және қатысушы елдердің кәсіпкерлері үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастырудағы белсенді рөлін растады.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның TCCI-дағы төрағалығы: Түркістанда 2026 жылға арналған Іс-шаралар жоспары бекітілді

Қазақстанның TCCI-дағы төрағалығы: Түркістанда 2026 жылға арналған Іс-шаралар жоспары бекітілді

21.02.2026
Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) экономика және сауда министрлерінің 14-ші отырысы өтті

Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) экономика және сауда министрлерінің 14-ші отырысы өтті

21.02.2026
В Алматы члены Общенациональной коалиции обсудили проект Новой Конституции с представителями культуры

В Алматы члены Общенациональной коалиции обсудили проект Новой Конституции с представителями культуры

20.02.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған