• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 16 февраля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

КЕНТАУДА 200-ГЕ ЖУЫҚ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКЕН

16.02.2026
in Басты ақпарат
КЕНТАУДА 200-ГЕ ЖУЫҚ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКЕН

Кентау қаласында соңғы үш жылда 200-ге жуық көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өтті. Нәтижесінде шаһардағы үйлер 85 пайызға жаңғыртылды. Сондай-ақ, өткен жылы 5 қабатты 60 пәтерлі әлеуметтік несиелік тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жеке мердігердің есебінен 3 қабатты 30 пәтерлі 2 тұрғын үй құрылысы аяқталды. Бұл туралы брифингте Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов брифингте мәлімдеді.

Оқи отырыңыз...

ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР – ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ КЕПІЛІ

ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР – ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ КЕПІЛІ

16.02.2026

Шымкент – индустриальный драйвер юга и центр развития предпринимательства

16.02.2026
Шымкент – оңтүстіктің индустриялық драйвері және кәсіпкерлікті дамыту орталығы

Шымкент – оңтүстіктің индустриялық драйвері және кәсіпкерлікті дамыту орталығы

16.02.2026

«Кентау қаласында қазіргі таңда 234,6 млрд теңгеге 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Өндіріс орындары іске қосылған кезде 1 768 жұмыс орны ашылмақ. Сондай-ақ, өңірдің индустриализация әлеуетін дамыту мақсатында қала аумағында Арнайы экономикалық және Индустриалды аймақ жұмыс істейді. Қазіргі таңда Арнайы экономикалық аймақта жалпы құны 5,1 млрд теңгеге 3 жоба іске қосылып, 310 жұмыс орны құрылған. Биыл 8 млрд теңгеге 4 жоба жүзеге асырылып, 430 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Ал, Индустриалды аймақта өткен жылы 2,7 млрд теңгеге 7 жоба іске асырылып, 184 жұмыс орны ашылған. Бүгінгі таңда 3,3 млрд теңгеге 3 жобаның құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде 150 жұмыс орны құрылатын болады», — деді қала әкімі.

Атап айтқанда, Арнайы экономикалық аймақта интернет желісі үшін қажетті оптикалық кабель өндіретін «КENTAU CABLE INDUSTRIES» ЖШС-ң зауыты бой көтеруде. Жоба құны — 1 млрд теңге, онда 100 адамға жаңа жұмыс орны ашылмақ. Сондай-ақ, құрал-жабдықтарға арналған металл шкафтарын құрастыратын «ELECTROCORE» ЖШС-ң өндіріс орны бар. Құны 1 млрд теңгеге бағаланып отырған зауытта 60 азамат тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Сонымен қатар, жалпы құны 5,5 млрд теңгеге бағаланып отырған «TURAN SHENHUA» ЖШС-ң тоңазытқыш шығаратын зауыт жобасы да жүзеге асырылуда. Онда 250 адамға жұмыс орнын ұсынуға мүмкіндік бар. Ал, индустриалды аймақта темір торлар мен құрылыс блоктарын және асфальт-бетон қоспаларын өндіру зауыттары секілді ауқымды жобалар жүзеге асады.

«Кентау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында 2025 жылы атқарылған жұмыстарының нәтижесінде жалпы өнім көлемі 101,6 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 117,5%-ға артып отыр. Ал, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 33,8 млрд теңгеге жетсе, өнеркәсіп өнімінің көлемі 59 млрд теңгені құрады. Туризм саласында бірнеше инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Атап айтқанда, қала аумағында 2 қонақ үй кешені және Хантағы ауылында жеңіл конструкциялы «Khantau» глэмпинг демалыс аймағын салу көзделген. Сондай-ақ, биыл «Қаратау» қорығы аймағында құны 150 млн теңгеге туристерге қызмет көрсететін «Визит орталығы» жобасы жүзеге асады. Инфрақұрылыммен қамту бойынша шаһар тұрғындарының 94%-ы табиғи газға қосылса, тозығы жеткен жылу қазандықтары 87%-дан 25%-ға төмендеді. Өңір тұрғындары 100% ауызсумен қамтамасыз етілсе, 78,1%-ы орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған. Сондай-ақ, қала көшелерін жарықтандыру көрсеткіші 100%-ды құрап отыр. Кентау қаласы және оған қарасты ауылдарды қоса алғанда жалпы 365 шақырымды құрайтын 416 көше бар. Өткен жылы 16,5 шақырым автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде жолдардың қанағаттанарлық жағдайы 90,5%-ға жеткен.», — деді шаһар басшысы.

Айта кетерлігі, былтыр қалада тұрақты және уақытша жұмысқа — 6 327 азамат, субсидияланатын жұмыс орындарына — 1 570 тұрғын жолданған. Ал, жаңа бизнес жобаларды іске асыру үшін 89 азаматқа мемлекеттік грант берілген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР – ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ КЕПІЛІ

ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР – ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ КЕПІЛІ

16.02.2026

Шымкент – индустриальный драйвер юга и центр развития предпринимательства

16.02.2026
Шымкент – оңтүстіктің индустриялық драйвері және кәсіпкерлікті дамыту орталығы

Шымкент – оңтүстіктің индустриялық драйвері және кәсіпкерлікті дамыту орталығы

16.02.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған