• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 24 марта, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Шымкентте жеміс шаруашылығы мамандарына арналған ғылыми-практикалық семинар өтті

02.02.2026
in Басты ақпарат
Шымкентте жеміс шаруашылығы мамандарына арналған ғылыми-практикалық семинар өтті

Оқи отырыңыз...

В Шымкенте состоялась экологическая акция «Мөлдір бұлақ» 

23.03.2026
Шымкентте «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті

Шымкентте «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті

23.03.2026
ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

23.03.2026

2026 жылдың 02–06 ақпан аралығында Шымкент қаласында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетімен бірлесіп, жеміс шаруашылығы саласының мамандарына арналған ғылыми-практикалық семинар ұйымдастырылуда.

Семинардың негізгі мақсаты – жеміс ағаштарының өнімділігін арттыру, агротехникалық тұрғыда дұрыс кесу әдістерін үйрету арқылы ағаштың өміршеңдігін ұзарту және заманауи жеміс шаруашылығы тәжірибесін кеңінен тарату.

Семинар бағдарламасы аясында қатысушылар:

• жеміс ағаштарын дұрыс кесу және қалыптастыру әдістерін;

• өнімділікті арттырудың заманауи тәсілдерін;

• санитарлық және қалыптастырушы кесу қағидаларын;

• аурулар мен зиянкестердің алдын алу жолдарын меңгереді.

«Қазіргі таңда жеміс шаруашылығын дамытуда тәжірибеге негізделген ғылымның рөлі ерекше. Ағашты дұрыс қалыптастыру, санитарлық кесуді уақтылы жүргізу және аурулардың алдын алу – өнім сапасы мен көлеміне тікелей әсер етеді. Бұл семинар – теория мен далалық тәжірибені ұштастыра отырып, мамандарға нақты әрі қолданбалы білім беретін маңызды алаң», – деді ҚР Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР Ұлттық аграрлық ғылым академиясының «Яссауи» орталығының жетекшісі, ҚазҰАИУ профессоры, ҚР ҰҒА құрметті академигі, агроконсультациялық орталықтың басшысы Нұрлыбек Боранбаев.

Сонымен қатар теориялық білім далалық тәжірибемен ұштастырылып, практикалық жұмыстар жүргізіледі.

Семинарға отандық және шетелдік ғалымдар, сондай-ақ көпжылдық тәжірибесі бар сала мамандары қатысып, өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісуде.

«Жеміс ағаштарын ғылыми негізде кесу – жоғары өнім мен ұзақ мерзімді тұрақты бақ шаруашылығының басты кепілі. Бұл семинар мамандарға нақты тәжірибеге сүйенген білім беруге бағытталған», – деді Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бөлімінің басшысы Ерлан Сатанбаев.

Аталған іс-шара жеміс шаруашылығы саласындағы мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға және өңірде заманауи агротехнологияларды енгізуге серпін береді.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

В Шымкенте состоялась экологическая акция «Мөлдір бұлақ» 

23.03.2026
Шымкентте «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті

Шымкентте «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті

23.03.2026
ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

23.03.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған