Қытайлық Yurong Mining & Agriculture Group компаниясының өкілдері «Жұлдыз» индустриялық аймағының жер учаскесімен танысты.
Шетелдік компания 2010 жылы құрылған бұл көпсалалы компания тау-кен өнеркәсібі, логистика, агроөнеркәсіп, сондай-ақ құрылыс материалдары мен пластмасса бұйымдарын өндіру салаларында қызмет атқарады. Қазіргі таңда компанияда 200-ден астам қызметкер жұмыс істейді.
Қытайлық компания Шымкент қаласында зауыт салуды жоспарлап отыр, бұл жобаның іске асырылуы жергілікті өндірістік әлеуетті арттырып, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, инвесторларымыз «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Qaz Turk Minerals» зауытының жұмыс барысымен танысты.




