• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 3 декабря, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Шымкентте «Инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбында семинар өтті

03.12.2025
in Басты ақпарат
Шымкентте «Инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбында семинар өтті

Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасында өткен семинарға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары Мұрат Закирьянов, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ департамент директорының орынбасары Марат Есенов, Шымкент қалалық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының, Кәсіпкерлер палатасының басшылығы, бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

Оқи отырыңыз...

В Шымкенте состоялся семинар на тему «Меры государственной поддержки инвестиционной деятельности»

В Шымкенте состоялся семинар на тему «Меры государственной поддержки инвестиционной деятельности»

03.12.2025
Құқық қорғау кеңесі: жарнама мөлшерлемесі бойынша шешім жобасы қайта қаралуы қажет

Совет по защите: проект решения о ставках за рекламу должно быть пересмотрено

02.12.2025
Құқық қорғау кеңесі: жарнама мөлшерлемесі бойынша шешім жобасы қайта қаралуы қажет

Құқық қорғау кеңесі: жарнама мөлшерлемесі бойынша шешім жобасы қайта қаралуы қажет

02.12.2025

Семинар барысында кәсіпкерлік қызметінің, оның ішінде инвестициялық бағыттағы, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары туралы егжей-тегжей айтылды.

Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары Мұрат Закирянов мұндай кездесулердің өңір экономикасының дамуына маңызды әсер ететінін атап өтті.

«Бүгінгі таңда еліміздегі экономикалық дамудың негізгі бағыты инвестиция жұмылдыру болып табылады. ҚР Үкіметінің алдында 2029 жылға қарай экономикаға 450 млрд АҚШ доллары көлемінде, оның ішінде 150 млрд доллар шетелдік инвестиция тарту жөнінде стратегиялық міндет қойылған. Үш жылдық мерзімнің қорытындысы бойынша бұл тапсырманың 1/3 бөлігінен астамы орындалды. Мақсатты индикаторға қол жеткізу үшін шамамен 80 млрд доллар инвестиция жұмылдыру қажет. Бүгінде әр мемлекеттік орган инвестиция тарту бойынша басымдықтар мен функционалдық өкілетке ие. Инвестициялық тапсырыс қалыптастыру кезінде бірінші кезекте бизнес тарапынан түскен ұсыныстар ескерілуі тиіс. Әр өңір инвестиция қажет ететін жобалардың тізбесін жасап, ҚР Сыртқы істер министрлігіне жібереді. Нақтылау жұмыстарынан соң сыртқы істер министрлігі шетелден мекемелерге инвесторлар іздеу және бастапқы келіссөз жүргізу жөнінде тапсырмалар береді», – деді Мұрат Закирянов.

Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары Сыртқы істер министрлігі мен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ бірлесіп инвестициялық климатты жақсарту бағытында тығыз жұмыс атқарып жатқанын, ұлттық компания жобаларды бастаманы зерделеу кезеңінен бастап, нысанды пайдалануға беру мен постинвестициялық сүйемелдеу кезеңіне дейінгі бүкіл цикльде жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтті.

Ұлттық компания жобаларды іске асырудың түрлі кезеңдерінде туындайтын визалық, көші-қондық және өзге де ұйымдастырушылық мәселелерді шешуде инвесторларға қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, компания «Бір терезе» қағидаты аясында ақпараттық-талдамалық және заңгерлік сүйемелдеу қызметтерін ұсынып, инвестициялық келісім-шарттарды жасасуға, орталық және жергілікті атқарушы органдармен келіссөздер ұйымдастыруға, сондай-ақ, жобаларды өңірлерде іске асыруға көмектеседі. Бұл туралы да кәсіпкерлерге толығырақ ақпарат берілді.

«Мұндай семинарлар жыл басынан бері еліміздің барлық өңірінде өткізіліп келеді. Мұндағы мақсатымыз – ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы Инвестициялар комитеті, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ тарапынан атқарылып жатқан жұмыспен таныстыру. Жалпы, елімізге инвестиция жұмылдыру үш деңгейде атқарылады. Сыртқы деңгей – ол қазіргі таңда 9 мемлекетте өкілдігіміз бар және шетелдегі елшіліктер. Орталық деңгей – «Kazakh Invest» ҰК» АҚ мен орталық мемлекеттік органдар, ал өңірлік деңгей – әр облыс-қаладағы әкімдіктер мен фронт-офистеріміз деңгейінде атқарылатын жұмыстар. Шымкент қаласының бұл бағыттағы мүмкіндігі мол. Қалада өңдеу өнеркәсібі, құрылыс материалдары, ауыл шаруашылығы, тоқыма, химия, логистика салалары жақсы дамуда. Мегаполистің әлеуеті жоғары», – деді «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Сервистік қолдау департаменті жетекшісінің орынбасары Марат Есенов.

Семинарда Индустрияны дамыту қорының мамандары өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді, ал «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдері бизнесті қолдау шаралары туралы баяндады.

«Қазақстанның KAZAKH EXPORT экспорттық-кредиттік агенттігінің» өкілі қазақстандық бизнеске қолдау шараларымен бөліссе, жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктері туралы және сыртқы нарықтарға бағытталған бизнес үшін пайдалы ақпараттар туралы Қазақстан Даму банкінің өкілдері баяндады. Ал сыртқы экономикалық қызметті дамыту құралдары мен экспорттаушыларды қолдау шаралары туралы «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ өкілі айтып берді.

Семинар қорытындысында Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Бауыржан Бердалиев кәсіпкерлік бастамалары бар азаматтарға көрсетілетін қаржылай емес қолдау шаралары туралы баяндады.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте «Инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбында семинар өтті

Шымкентте «Инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбында семинар өтті

03.12.2025
В Шымкенте состоялся семинар на тему «Меры государственной поддержки инвестиционной деятельности»

В Шымкенте состоялся семинар на тему «Меры государственной поддержки инвестиционной деятельности»

03.12.2025
Құқық қорғау кеңесі: жарнама мөлшерлемесі бойынша шешім жобасы қайта қаралуы қажет

Совет по защите: проект решения о ставках за рекламу должно быть пересмотрено

02.12.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған