• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 4 ноября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

«Asar House» тұрғын үй кешенінің тұрғындарына қолайлы жағдай жасалды

04.11.2025
in Без рубрики
«Asar House» тұрғын үй кешенінің тұрғындарына қолайлы жағдай жасалды

Шымкент қаласы Абай ауданында инженерлік инфрақұрылымды жаңарту және тұрғын үй аулаларын абаттандыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Asar House» тұрғын үй кешенінің тұрғындарының өтініші негізінде А-2 магистралдық трассасынан тұрғын үй аулаларына кіріп-шығуға қолайлы жағдай жасау мақсатында тас жолға асфальт қабаты төселді.

Оқи отырыңыз...

Созданы комфортные условия для жителей жилого комплекса «Asar House»

Созданы комфортные условия для жителей жилого комплекса «Asar House»

04.11.2025
Қайнарбұлақ тұрғын алабында инфрақұрылымдық жұмыстар қарқынды жүргізілуде

В жилом массиве Кайнарбулак активно реализуются инфраструктурные проекты

01.11.2025
Қайнарбұлақ тұрғын алабында инфрақұрылымдық жұмыстар қарқынды жүргізілуде

Қайнарбұлақ тұрғын алабында инфрақұрылымдық жұмыстар қарқынды жүргізілуде

01.11.2025

Аталған нысандағы жұмыстар тұрғындар үшін аса маңызды әлеуметтік мәселені шешті. Бұған дейін тұрғындар топырақты жолмен қатынап, жаңбыр мен қарлы күндері жүріп-тұрудың қиындығын жиі көтеріп келген болатын. Енді жаңа асфальт қабаты төселген соң көлік қозғалысы реттеліп, тұрғындардың күнделікті қатынасы әлдеқайда ыңғайлы әрі қауіпсіз бола түсті.

Жол инфрақұрылымын дамыту – аудан әкімдігі қызметінің басым бағыттарының бірі. Инженерлік желілер мен көше-жол жүйесін жаңғырту жұмыстары тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, қала экожүйесін жақсартуға және «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының мақсаттарын орындауға негізделген. Бұл тұрғыда жол салу және жөндеу істерімен қатар, аулаішілік аумақтарды жарықтандыру, санитарлық тазалау мен көгалдандыру жұмыстары қатар жүргізілуде.

Абай ауданы әкімдігі тұрғындармен кері байланыс орнатып, олардың ұсыныс-пікірлерін ескеруді басты қағида етіп ұстанады. «Asar House» тұрғындары да өз ықыластарын білдіріп, инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстарға ризашылықтарын жеткізді. Олар бұл өзгерістер тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырып, аула аумағының көркі мен тазалығын арттырғанын атап өтті.

Сонымен қатар, аудан аумағында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың тазалыққа деген жауапкершілігін арттыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбіліктер өткізіліп, көшелер мен көпқабатты үйлердің маңайы тазартылып, көгалдандыру шаралары тұрақты сипат алды.

Абай ауданы әкімдігі алдағы уақытта да қала әкімінің тапсырмаларын басшылыққа ала отырып, инфрақұрылымдық және абаттандыру бағытындағы жобаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыруды жалғастырмақ. Мұндағы басты мақсат – тұрғындарға қолайлы, таза әрі қауіпсіз өмір сүру ортасын қалыптастыру.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСУІ: САННАН – САПАҒА ҚАРАЙ

ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСУІ: САННАН – САПАҒА ҚАРАЙ

04.11.2025
ҚАЗАҚСТАН – ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЕЛІНЕ АЙНАЛУ ЖОЛЫНДА

ҚАЗАҚСТАН – ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЕЛІНЕ АЙНАЛУ ЖОЛЫНДА

04.11.2025
Созданы комфортные условия для жителей жилого комплекса «Asar House»

Созданы комфортные условия для жителей жилого комплекса «Asar House»

04.11.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған