• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 8 ноября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Жетістікке толы 10 жыл: Шымкентте іскер әйелдердің бизнес-форумы өтті

17.10.2025
in Басты ақпарат
Жетістікке толы 10 жыл: Шымкентте іскер әйелдердің бизнес-форумы өтті

Әйел кәсіпкерлердің ІІІ Өңірлік бизнес-форумы Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің құрылғанына 10 жыл толуына арналып отыр. Ауқымды жиынға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Шымкент қаласы әкімдігінің өкілдері, мемлекеттік орган қызметкерлері, «ASMAR» Қазақстан кәсіпкер әйелдері ұлттық қауымдастығының жетекшілері, еліміздің әр өңірінен келген бизнес-ханымдар – жалпы саны 800-ден астам жиналды.

Оқи отырыңыз...

Дарияның арғы жағы, бергі жағы…

Дарияның арғы жағы, бергі жағы…

08.11.2025
Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің кезекті отырысы өтті

Состоялось очередное заседание Совета по защите прав предпринимателей

07.11.2025
Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің кезекті отырысы өтті

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің кезекті отырысы өтті

07.11.2025

Форумға арнайы қатысып, салтанатты түрде ашып берген Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек арулардың ел өміріндегі орны маңызды екеніне тоқталды.

«Жалпы, еліміздің әйелдері, қыз-келіншектері қашан да тек үйде ата-анасына – қыз, жарына – сүйеу, балаға ана болып қана қоймай, отбасының тірлігімен қатар ел экономикасына да өз үлестерін қосуда. Саясатта да жүрген қыздардың саны соңғы уақытта артып келе жатқаны белгілі. Сондықтан, сіздерге, осы жұмыстарыңызға табыс тілеймін, істеріңіз алға баса берсін, күннен күнге шырайы кіріп келе жатқан Шымкенттің экономикалық дамуына, қоғамның дамуына қосып жатқан үлестеріңіз бұдан да арта берсін! Баршаларыңызға табыс тілеймін!» – деді Сәрсен Абайұлы.

Қала әкімінің орынбасары әйел кәсіпкерлердің бірқатар өкілін марапаттап, Алғыс хат табыстады. Олардың қатарында Алма Архабаева, Фарида Бакибаева, Жанна Байтелиева, Нилуфар Сайдуллаева, Меруерт Архабаева, Диляфруз Мадиева, Анна Зарубина, Жанат Кенжеқұлова, Таисия Дигай және Диана Караманова бар.

Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова іскер азаматтарға, оның ішінде қыз-келіншектерге көрсетіліп жатқан қызметтер, қолдаулар туралы айтып берді.

«Кәсіпкерлер палатасы қаладағы кәсіпкерлікті дамыту жолында белсенді жұмыс атқарып келеді. «Азаматтарға арналған үкіметпен» бірге Палатада Кәсіпкерлерге көпфункционалды қызмет көрсету орталығы ашылды. Онда заңды тұлғаларға қатысты 800-ге жуық мемлекеттік қызмет бір терезе қағидасымен көрсетіледі. Жыл басынан 9960 бірегей қызмет көрсетілді, оның арасында бухгалтерлік есеп жүргізу, статистикалық есеп жүргізу сияқты қызметтердің үлесі басым. Сонымен қатар бизнес-жоспар түзу, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу, техникалық паспорт беру секілді қызметтер де көп сұранысқа ие. Бизнес-жоспар әзірлеу және сүйемелдеу жұмыстарының нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілері жалпы сомасы 1 млрд 308 млн теңгеге қаржыландырылды, 50-ден астам жұмыс орны құрылды. Сонымен қатар Кәсіпкерлер палатасы бірнеше жылдан бері «Бір ауыл – бір өнім» жобасын сәтті жүзеге асырып келеді. Шымкенттік шеберлердің ісін дамытып, жергілікті өнімдердің сапасын арттыруға, ілгерілетуге бағытталған бұл жобаға қатысушылар арасында іскер ханымдар көп», – деді Сабира Адамбекова.

Жиынға Кәсіпкерлер палатасының шақыруымен арнайы қатысқан «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Шымкент қалалық филиалы директорының орынбасары Думан Бажикей жиналған қауымға бизнеске қаржылай және сервистік қолдау көрсету бағдарламалары туралы түсіндірді. Думан Мұхамедияұлының айтуынша, «Даму» қоры кәсіпкерлердің екінші деңгейлі банктерден алған несиелерінің пайыздық мөлшерлемесіне субсидия бөлумен қатар кепілдік қолдау көрсетуге де баса назар аударып келеді.

Форум барысында мәртебелі қонақтар сөз алып, Іскер әйелдер қауымдастығының қыз-келіншектердің кәсіпкерлік бастамасын жүзеге асырудағы маңызын атап өтті. «ASMAR» Қазақстан кәсіпкер әйелдерінің ұлттық қауымдастығы төрайымы Ләззат Рамазанова қоғамдық ұйымның құрылу тарихына тоқталса, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Баян Жандосова осындай ауқымды іс-шаралар жастардың қызығушылығын арттырып, жобалары сәтті жүзеге асып жатқан кәсіпкерлердің үлгі болатынын атап өтті.

Ал Шымкент қалалық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Алма Архабаева ұйымның даму тарихы мен жетістіктеріне тоқталып, Кәсіпкерлер палатасымен бірге сәтті асырылып жатқан жобалар туралы айтып берді.

Форумға келген еліміздің өзге өңірлеріндегі Іскер әйелдер қауымдастықтарының жетекшілері де сөз алып, сый-сияпаттарын табыстады. Сонымен қатар, сән үлгілерінен дефиле көрсетіліп, жергілікті шеберлердің туындыларынан көрме ұйымдастырылды.

Ал арнайы шақырылған өнерпаздар өнер көрсетіп, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлайды.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«ДЕНДРОСАЯБАҚТА» КҮЗГІ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

«ДЕНДРОСАЯБАҚТА» КҮЗГІ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

08.11.2025
Қазақстан, Clearbrook және AG-Tech энергия сақтау жүйелерін өндіретін зауыт салады

Қазақстан, Clearbrook және AG-Tech энергия сақтау жүйелерін өндіретін зауыт салады

08.11.2025
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Cisco компаниясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Cisco компаниясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

08.11.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған