• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 5 ноября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Әкімшілік істер бойынша аумақтан тыс соттылық қағидаттары – әділ сот төрелігін қамтамасыз етудің жаңа қадамы

22.09.2025
in Құқық-заң

Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қолданыстағы заңнамасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, олардың заңды мүдделерін әділ әрі уақтылы қарауды басты мақсат ретінде бекіткен. Осы орайда, сот жүйесінде жүзеге асырылып отырған маңызды жаңашылдықтардың бірі – әкімшілік істер бойынша аумақтан тыс соттылық қағидаттарының енгізілуі.

Оқи отырыңыз...

ТІЛ – ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ ТІРЕГІ

ТІЛ – ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ ТІРЕГІ

02.11.2025
ТАТУЛАСТЫРУ РӘСІМДЕРІ – ҚОҒАМДАҒЫ КЕЛІСІМ МЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ

ТАТУЛАСТЫРУ РӘСІМДЕРІ – ҚОҒАМДАҒЫ КЕЛІСІМ МЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ

01.11.2025
В Шымкенте прошла республиканская акция «Народный юрист»

Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

01.11.2025

Бұл қағидат ең алдымен әділдік пен бейтараптықты қамтамасыз етуге бағытталған. Бұрын әкімшілік істер көбіне азаматтың тұрғылықты жері немесе даудың туындаған аумағына байланысты қаралса, енді жаңа жүйе бойынша істер аумақтан тыс тәртіппен бөлініп, қаралуы мүмкін. Бұл — қоғамда жиі туындайтын «жергілікті ықпал», «таныстық» немесе «мүдделер қайшылығы» сынды күдіктерді азайтып, сотқа деген сенімді күшейтеді.

Аумақтан тыс соттылық қағидатының негізгі артықшылықтары:

• Істердің әділ әрі бейтарап қаралуына кепілдік береді;

• Сот төрелігінің ашықтығы мен айқындылығын арттырады;

• Азаматтардың құқықтарын қорғауда тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

• Соттарға түскен істердің жүктемесін тиімді бөлуге мүмкіндік береді.

Мысалға, бір өңірде тіркелген іс басқа облыстың немесе ауданның сотына қарауға жолдануы мүмкін. Мұндай тәжірибе халықаралық деңгейде де кеңінен қолданылады және сот төрелігінің тәуелсіздігін арттырудың заманауи тетігі ретінде бағаланады.

Қазіргі таңда сот жүйесінде бұл бағытта кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Азаматтарға, мемлекеттік органдарға және заң өкілдеріне жаңа қағидаттың мазмұны мен мәні түсіндіріліп, практикалық тұрғыдан қолдану жолдары көрсетілуде.

Біздің басты мақсатымыз – халыққа қолжетімді, әділ әрі сенімді сот төрелігін қамтамасыз ету. Әкімшілік істер бойынша аумақтан тыс соттылық қағидаты – осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі.

Сот төрелігі – мемлекетке деген сенімнің кепілі. Әр азамат өз құқығының әділ әрі бейтарап қорғалатынына сенімді болуы тиіс.

М.МҰЗДЫБАЕВА,

Шымкент қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының  судьясы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді

05.11.2025
КАЗАХСТАНСКИЙ ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ: ОТ КОЛИЧЕСТВА К КАЧЕСТВУ

КАЗАХСТАНСКИЙ ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ: ОТ КОЛИЧЕСТВА К КАЧЕСТВУ

04.11.2025
КАЗАХСТАН – НА ПУТИ К СТРАНЕ ИСКУССТВЕННОГО ИНТЕЛЛЕКТА И ЦИФРОВЫХ ТЕХНОЛОГИЙ

КАЗАХСТАН – НА ПУТИ К СТРАНЕ ИСКУССТВЕННОГО ИНТЕЛЛЕКТА И ЦИФРОВЫХ ТЕХНОЛОГИЙ

04.11.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған