• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 9 февраля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Агроөнеркәсіптегі қолдау: Түркістанда ашық есік күні өтті

31.08.2025
in Басты ақпарат
Агроөнеркәсіптегі қолдау: Түркістанда ашық есік күні өтті

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы мен «ҚазАгроҚаржы» АҚ бірлесіп ашық есік күнін өткізді. Іс-шара аясында аграрлық сала кәсіпкерлеріне қолжетімді мемлекеттік бағдарламалар таныстырылып, ауыл шаруашылығына қажетті заманауи техникалар табысталды.

Оқи отырыңыз...

В РАМКАХ ПОРУЧЕНИЯ ПРЕЗИДЕНТА В САРЫАГАШЕ НАЧАТО СТРОИТЕЛЬСТВО СОВРЕМЕННОЙ МНОГОПРОФИЛЬНОЙ БОЛЬНИЦЫ НА 300 КОЕК

В РАМКАХ ПОРУЧЕНИЯ ПРЕЗИДЕНТА В САРЫАГАШЕ НАЧАТО СТРОИТЕЛЬСТВО СОВРЕМЕННОЙ МНОГОПРОФИЛЬНОЙ БОЛЬНИЦЫ НА 300 КОЕК

06.02.2026
«ЦОН» мобильді қосымшасында автокөлік нөміріне онлайн тапсырыс беруге болады

«ЦОН» мобильді қосымшасында автокөлік нөміріне онлайн тапсырыс беруге болады

06.02.2026
САЙРАМ АУДАНЫНДА БИЫЛ ЖАЛПЫ ҚҰНЫ 44 МЛРД-ҚА ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ 20-ДАН АСТАМ ӨНДІРІС ОРНЫ ІСКЕ АСАДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА БИЫЛ ЖАЛПЫ ҚҰНЫ 44 МЛРД-ҚА ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ 20-ДАН АСТАМ ӨНДІРІС ОРНЫ ІСКЕ АСАДЫ

06.02.2026

Жиынның алғашқы бөлігінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ мамандары фермерлерге мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаржыландыру мүмкіндіктерін түсіндіріп, онлайн өтінім қабылдау жүйесі таныстырылды. Ал екінші форматта алынған техникалардың жәрмеңкесі ұйымдастырылып, шаруаларға ресми түрде кілттері табысталды.

Көрмеге ауыл шаруашылығы техникасын жеткізуші серіктес компаниялар қатысты. Олардың қатарында «Агромаш Ловол», «Вираж», YTO, NSA мини комбайн, МТЗ КЗ және KazKioti бар.

Іс-шарада сонымен бірге «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Түркістан облыстық филиалының директоры Бақытжан Күлсінбаев кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау тетіктерінің тиімділігі мен рәсімдеу жолдарын түсіндіріп өтті.

Маңызды шара барысында Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы мен «ҚазАгроҚаржы» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат аясында тараптар ауыл кәсіпкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетуді, бағдарламалар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді және жобаларды ресми құжаттар деңгейінде сүйемелдеуді көздеп отыр.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Бақытжан Құралбаев өз сөзінде бұл қадамның маңызын атап өтті:
– «Ауыл кәсіпкерлерінің негізгі сұранысы – қолжетімді техника мен тиімді қаржыландыру. Бүгінгі меморандум арқылы біз фермерлердің өтінімдерін рәсімдеу мен сүйемелдеуді жеделдетеміз. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлердің уақытын үнемдеп, мемлекеттік қолдау құралдарына қол жеткізуін жеңілдетеді», – деді ол.

Жиын соңында мемлекеттік бағдарламалар аясында ауыл шаруашылығы техникаларын алған кәсіпкерлерге жаңа техникалардың кілттері салтанатты түрде табыс етілді.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Жария құқықтық даулар – әкімшілік сот ісін жүргізудің негізгі бағыты

Жария құқықтық даулар – әкімшілік сот ісін жүргізудің негізгі бағыты

09.02.2026
В РАМКАХ ПОРУЧЕНИЯ ПРЕЗИДЕНТА В САРЫАГАШЕ НАЧАТО СТРОИТЕЛЬСТВО СОВРЕМЕННОЙ МНОГОПРОФИЛЬНОЙ БОЛЬНИЦЫ НА 300 КОЕК

В РАМКАХ ПОРУЧЕНИЯ ПРЕЗИДЕНТА В САРЫАГАШЕ НАЧАТО СТРОИТЕЛЬСТВО СОВРЕМЕННОЙ МНОГОПРОФИЛЬНОЙ БОЛЬНИЦЫ НА 300 КОЕК

06.02.2026
Жаңа Конституцияда адам капиталын дамыту мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде айқындалды

Жаңа Конституцияда адам капиталын дамыту мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде айқындалды

06.02.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған