• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 16 ноября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

АБАЙ АУДАНЫНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢАРТЫЛУДА

18.07.2025
in Без рубрики
ЕЛІМІЗДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗҒА ИЕ ТАСЖОЛДАРДА АУҚЫМДЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Шымкент қаласының Абай ауданында тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған ауқымды инфрақұрылымдық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, аудан аумағында жол-құрылыс жұмыстары, көше жарықтандыруы, жаяу жүргіншілер жолдарын салу, абаттандыру және ирригациялық жүйелерді қайта жаңарту ісі жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Бүгінгі күні, ұзындығы 2,8 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілер жолының құрылысы жүргізілуде. Жоба Уәлиханов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Құрылыс аясында жаңа брусчатка төселіп, жол жиектері абаттандырылуда. Бұл – тұрғындар мен жаяу жүргіншілер үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырудың нақты көрінісі.
Сондай-ақ, Ақназар хан көшесіне дейін жарықтандыру жүйесін тарту қарастырылып, осы мақсатта 310 дана жарық бағанасын орнату көзделіп отыр. Жарықтандыру жобасы түнгі уақыттағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік бермек.
Аудан аумағында орналасқан тұрғын алаптар да назардан тыс қалған жоқ. Абдулабад шағынауданында негізгі көшелердің бірі жаңадан асфальтталып, жол жиектері мен ирригациялық арықтар ретке келтірілуде. Сонымен қатар, дәл осы аумақта балалар ойын алаңы мен шағын спорт алаңының құрылысы қатар жүргізілуде. Мұндай әлеуметтік нысандар тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға сеп болары сөзсіз.
Ирригациялық жүйені жаңарту — аудан үшін өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі таңда бірнеше көшеде арық-атыз жүйелерін қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл – жаңбыр және ағын суды тиімді бағыттап, көше жабындыларының бүлінуін болдырмау мақсатында қолға алынған маңызды шара.
Сонымен қатар, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аудан тұрғындарының ұсыныстары негізінде бірнеше балалар ойын алаңы мен шағын саябақтардың құрылысы басталды. Бұл бағдарлама азаматтық белсенділікті арттырып, жергілікті мәселелерді бірлесе шешуге жағдай жасауда.
Аудан экономикасын дамыту бағытында өндірістік және логистикалық нысандардың үлесі де артуда. Қойма кешендері мен шағын кәсіпорындар инфрақұрылымды кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлес қосып келеді.
Жалпы, Абай ауданындағы инфрақұрылым саласындағы жүйелі жаңғырту жұмыстары – қала дамуының нақты көрсеткіші. Жолдардың тегістелуі, жарық шамдарының орнатылуы, әлеуметтік нысандардың көбеюі – мұның бәрі тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған маңызды қадамдар.
Айта кетейік, инфрақұрылым жобаларының уақтылы әрі сапалы орындалуы аудан әкімдігі мен тиісті басқармалардың тұрақты бақылауында.

Оқи отырыңыз...

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне ризашылығын білдірді

Аграрлық сектордың жаңа бағыты: Қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция және экспорт

14.11.2025
Президент Тоқаев еліміздің агросаласын дамытуға бағытталған нақты міндеттерді атады

Аграрлық саясаттың жаңа бағыты: Мал шаруашылығы, жер және су реформасы

14.11.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне ризашылығын білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне ризашылығын білдірді

14.11.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«Кең Дала» және жаңа салық режимдері: Жетісай кәсіпкерлеріне маңызды жаңалықтар айтылды

«Кең Дала» және жаңа салық режимдері: Жетісай кәсіпкерлеріне маңызды жаңалықтар айтылды

14.11.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне ризашылығын білдірді

Аграрлық сектордың жаңа бағыты: Қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция және экспорт

14.11.2025
Президент Тоқаев еліміздің агросаласын дамытуға бағытталған нақты міндеттерді атады

Аграрлық саясаттың жаңа бағыты: Мал шаруашылығы, жер және су реформасы

14.11.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған