• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 21 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

КАССАЦИЯЛЫҚ СОТТАРДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

21.05.2025
in Құқық-заң
Медиация туралы Қазақстан Республикасының Заңының насихаттау

Бүгінгі таңда сот жұмысына қатысты арызданушылардың саны аз емес, себебі судьялардың шығарған сот актілерінің сапасына көңілі толмайтындар жеткілікті. Сот отырысында екі тараптың мүддесі қаралғандықтан, жеңілген тараптың наразылығы туындайды.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты осы дауларды алдын алу мақсатында бірнеше шараларды қолға алды. Олардың арасында сот актілерін түсіндіру, сот отырыстарын дыбыс-бейне жазбамен өткізу, электронды сот залдарында әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау, тараптардың іс материалдарымен электронды түрде танысу мүмкіндігі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жылдам қарау және қаулыларды заңды күшіне енгізу туралы өтініштерді қабылдау, сот процестерін онлайн режимінде өткізу, сондай-ақ қаулыларды электронды түрде алу бар. Бұл шаралар сот жұмысына қатысты наразылықты едәуір төмендетуге көмектесті.
Жоғарғы Сот төрелікке деген сенімді одан ары арттыру мақсатында 5 шілде 2024 жылы Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізілген болатын. 2024 жылдың шілде айында кылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша жеке-жеке кассациялық сот құруды қарастыратын заңға қол қойылды.
Сонымен 1 шілде 2025 жылдан бастап елімізде дербес кассациялық соттар өз қызметіне кіріседі. Кассациялық сот – бұл төменгі инстанциялардың шешімдеріне кассациялық тәртіппен шағымдарды қарайтын Жоғарғы соттың деңгейі. Бірінші сатыдағы соттардың соңғы шешімдеріне және апелляциялық соттың шешімдеріне кассациялық сотқа шағым беру мүмкіндігі бар. Кассациялық соттың басты мақсаты – сот шешімдерінің заңдылығын қайта қарау. Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша бірінші және апелляциялық соттардың қабылдаған сот актілерін қайта қарайды. Демек, төменгі сатыдағы соттың шешімі заңсыз немесе негізсіз деп танылса, кассациялық сот оның күшін жойып, істі соттың талқылауына жіберіп немесе түпкілікті шешім қабылдайды. Істі кассациялық сотта қарағаннан кейін ол шешімге шағымдануға мүмкіндік болмайды. Сол себепті кассациялық соттың шешімі ол түпкілікті нүктесі қойылған шешім болып табылады. Кассациялық сотта істер үш судьядан құрылған алқаға жолданып, алты ай ішінде қаралады. Сот талқылауы тараптардың қатысуымен ауызша өтеді.
Кассациялық соттардың тәуелсіздігі азаматтарымызға сот әділдігіне қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Ең маңыздысы, халықтың пікіріне негізделген реформалар халықтың сотқа деген сенімін арттыратыны анық.
А.ҚАПАРБЕКОВА,
Шымкент қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯ НЫСАНДАРЫНА 20 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

КАССАЦИЯЛЫҚ СОТ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ

20.05.2025
СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘДІЛДІГІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕДІ

Конституциялық соттың ерекшелігі 

18.05.2025
Жеңіс күні – елдік пен ерліктің ме­ре­кесі!

Жеңіс күні – елдік пен ерліктің ме­ре­кесі!

12.05.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда PEFA жүйесі бойынша бюджет ашықтығын бағалау аяқталды

21.05.2025
ҚР АШМ мен ҚХР Бас кеден басқармасы құс етін экспорттауға қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар жөніндегі Хаттамаға қол қойды

ҚР АШМ мен ҚХР Бас кеден басқармасы құс етін экспорттауға қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар жөніндегі Хаттамаға қол қойды

21.05.2025
«Жайлы мектеп» жобасы — орта білім деңгейін арттыруға бағытталған стратегиялық бастама

«Жайлы мектеп» жобасы — орта білім деңгейін арттыруға бағытталған стратегиялық бастама

21.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған