• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 29 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы

06.05.2025
in Құқық-заң
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы

2025 жылғы Одақтас мемлекеттердің (Қазақстанды қоса алғанда) орталық оқиғасы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы болды. Фашизмді жеңуге әрбір республиканың өлшеусіз үлесі бар, ал ТМД аумағындағы әрбір отбасы бүгінгі таңда Отанын қорғауға шыққан, соғыс алаңынан оралмаған, тылдағы ерлікпен еңбек етіп, Ұлы Жеңісті жақындатқан адамдарды еске алуда.

Оқи отырыңыз...

ІІМ: Пранктар заң бұзуға себеп емес

ІІМ: Пранктар заң бұзуға себеп емес

26.06.2025
Кассациялық соттардың ерекшеліктері – цифрландыру және инновация

Кассациялық соттар туралы

25.06.2025
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу 

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу 

24.06.2025

Ұлы Жеңіс мерекесі бұрынғы Кеңес Одағы халықтарының жалпы тарихының маңызды бөлігі болып табылады, олар Ұлы Отан соғысы туралы тарихи естелікті сақтау және оны келесі ұрпақтарға жеткізу үшін бірікті.

ТМД мемлекеттерінің басшылар кеңесінің шешімімен 2025 жыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы – нацизмге қарсы күресте Тыныштық пен Бірлік жылы деп жарияланды.

Бейбіт уақытта өмір сүріп жатқан ұрпақтардың, өз елінің бостандығы мен тәуелсіздігін қорғаған ардагерлерге алғыс белгісі ретінде, 2024 жылы ТМД мемлекеттерінің басшылар кеңесі «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы» атты бірлескен мерейтойлық медальді тағайындады.

Бұл – бәріміз үшін қасиетті, терең тарихы бар ерекше күн. Өйткені осы қиын жылдарда әкелеріміз бен аталарымыз ортақ мақсат – Ұлы Жеңіс үшін батылдық пен бірліктің үлгісін көрсетті. Соғыстың ауыр салдары әрбір қазақстандық отбасыға әсер етті. Сондықтан жеңімпаздар – соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ержүрек ұрпағы туралы естелік Қазақстанның әр үйінде бүгінге дейін сақталып келеді.

Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясында: «Ұлы Жеңістің тағылымы барша халыққа, әсіресе, саясаткерлерге ксенофобияға, нәсілдік және ұлттық үстемдікке, халықаралық құқық қағидаттарын құрметтемеуге құрылған жауапкершіліктен жұрдай саясат жүргізудің салдары қандай қасіретке әкелетінін әлі күнге дейін көрсетіп отыр» деп ерекше атап өтті. Осыған байланысты Мемлекет басшысы БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық қағидаттарын сақтау қажеттілігін үнемі атап көрсетіп келеді.

ҰОС ардагерлеріне біржолғы материалдық көмек беру жыл сайынғы дәстүрге айналды. Облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ақпараты бойынша Жеңіс күнінің 80 жылдығын мерекелеу құрметіне биыл 120 ҰОС ардагерінің әрқайсысына 5 млн теңгеден біржолғы материалдық көмек көрсетілгенін БАҚ өкілдері жарыса жазды.

Президент атап өткендей, ең басты назар ардагерлерге бағытталады. «Ең бастысы, әрине, мемлекет пен қоғамның ерекше қорғауында болатын құрметті ардагерлерімізге айрықша көңіл бөлеміз», – деді ол. Сондай-ақ, бұл мерейтой ерлікке тағзым етудің, жас ұрпаққа батырлық пен елжандылықтың мәнін түсіндірудің маңызды кезеңі болмақ.

Ұлы Жеңіс – батырлар ерлігін еске алу ғана емес, бүгінгі ұрпаққа бағыт-бағдар болатын рухани тірек. Жеңісті ұмытпау – парызға адал, антқа берік болған қаһармандарымызды жадымызда сақтау, сол ерлікті ел санасына сіңіру деген сөз.

Қ.КЕМЕЛБЕКОВ,

Шымкент қаласы

қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің

сот приставы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

КӘСІБИ МІНДЕТІНЕ АДАЛ, ҮЛГІЛІ МЕЙІРБИКЕ

КӘСІБИ МІНДЕТІНЕ АДАЛ, ҮЛГІЛІ МЕЙІРБИКЕ

28.06.2025
ALUTECH: ҚАЗАҚСТАННАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НАРЫҚҚА

ALUTECH: ҚАЗАҚСТАННАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НАРЫҚҚА

28.06.2025
🏆 Қазақстан Премьер-Лигасы | 14-Тур

🏆 Қазақстан Премьер-Лигасы | 14-Тур

28.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған