Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша жүйелі шаралар қабылданып, тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламалары үздіксіз жүзеге асуда. Осы ретте, бүгін Наурыз мерекесі қарсыңында Төлеби ауданында 120 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Жоба құны 2,1 млрд. теңгені құрайтын тұрғын үй құрылысының көлемі 7877,4 шаршы метр.
✔️Жаңа қоныс иелерін аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов құттықтап, тұрғындарға салтанатты түрде тапсырды. Атап айтсақ, тұрғын үй кезекте тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қамтылды. Аталған тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын «Тау Бетон» ЖШС-і мен «Ынтымак-ОК» ЖШС-і мердігер мекемелері жүргізген.
✔️Айта кетейік, тұрғындарды баспанамен қамту бағытында бүгінгі күнге дейін мемлекет есебінен Леңгер қаласы І мөлтек ауданда 23 көпқабатты үй құрылысы жүргізіліп, 1000-ға жуық отбасы баспаналы болды. Ауданда тұрғын үй кезегінде 5 мыңнан астам адам тіркелген.
✔️Бұдан бөлек, жыл соңына дейін үш көпқабатты тұрғын үй құрылысы аяқталып, 156 отбасыға пәтер кілттері табысталады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
__________
В ТОЛЕБИ В ПРЕДДВЕРИИ НАУРЫЗА СДАН В ЭКСПЛУАТАЦИЮ ДОМ НА 120 КВАРТИР
✔️ В соответствии с поручением Президента страны Касым-Жомарта Токаева продолжается реализация государственных программ по развитию жилищного строительства и улучшению жилищных условий населения. В этом направлении, в преддверии праздника Наурыз в Төлеби был сдан в эксплуатацию многоквартирный дом на 120 квартир. Стоимость проекта составляет 2,1 млрд тенге, а общая площадь дома — 7877,4 кв. м.
✔️ Аким района Еркегали Алимкулов поздравил новоселов и в торжественной обстановке вручил им ключи от новых квартир. В первую очередь жилье получили малообеспеченные семьи, многодетные семьи и дети, оставшиеся без попечения родителей. Строительство данного дома осуществляли подрядные организации ТОО «Тау Бетон» и ТОО «Ынтымак-ОК».
✔️ Отметим, что в рамках программы обеспечения населения жильем в микрорайоне I города Ленгер ранее было построено 23 многоквартирных дома, благодаря чему жилье получили около 1000 семей. В настоящее время в очереди на получение жилья в районе зарегистрировано более 5000 человек.
✔️ Кроме того, до конца года планируется завершить строительство еще трех многоквартирных домов, после чего ключи от новых квартир получат 156 семей.
Пресс-служба акима Туркестанской области