• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Мемлекеттік тілде сот ісін қарау маңыздылығы

17.03.2025
in Құқық-заң
Мемлекеттік тілде сот ісін қарау маңыздылығы

Мемлекеттік тілдің дамуын жан-жақты қолдау – біздің ортақ жауапкершілігіміз. Бұл мәселеге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та ерекше назар аударуда.

Оқи отырыңыз...

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы

06.05.2025
Соттағы бітімгершілік

Соттағы бітімгершілік

29.04.2025
Соттарда мемлекеттік баж салығын төлеу

Соттарда мемлекеттік баж салығын төлеу

29.04.2025

Мемлекеттік тіл ұлттың рухани негізін, ішкі дүниесін, елдің еркіндігі мен ұлттық ерекшелігін айқындайтын басты белгі ретінде қарастырылады. Сондықтан мемлекеттік тілді меңгеру – сол елдің мәдениеті мен тарихына құрмет көрсету, мемлекет алдындағы жауапкершілігіңді сезіну және оған деген сыйластықты білдіру болып табылады.

Сіздерге белгілі, Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі деп бекітілген. Сонымен қатар, мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі қазақ тілімен тең дәрежеде қолданылады. Ата Заңымыздың бұл тармағы басқа ұлт өкілдеріне деген құрметтің белгісі ретінде қабылдануы тиіс. Бұдан бөлек, тіл мәселесіне қатысты арнайы заң да қабылданған.

Мемлекеттік тілдің дамуына ең алдымен мемлекеттік қызметшілердің ықпалы мен көмегі зор. Себебі, мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын негізгі буын ретінде, қарапайым халық, әсіресе жастар, шенеуніктерге назар аударады, олардың кәсіби біліктілігіне қарап, билікті бағалайды, өз болашақтарына қатысты бағыт-бағдарларын, жоспарларын қалыптастырады. Сондықтан, егер мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік тілде жақсы сөйлеп, қызмет көрсетсе, қоғамда мемлекеттік тілге деген құрмет пен қажеттілік арта түседі.

Бүгінгі күні республика соттарында судьялардың басым бөлігі қазақ тілін еркін меңгерген және сот төрелігін мемлекеттік тілде сапалы жүзеге асыра алатын мамандар. Егер халық сотқа қазақ тілінде жүгінсе немесе өкілетті органдар тергеуді мемлекеттік тілде жүргізсе, барлық өңірлерде сот істерін қазақ тілінде қарауға қабілетті судьялар жеткілікті.

Жоғарғы сот төрағасының бастамасымен сот жүйесінде реформалар жалғасып, сот билігіне деген жауапкершілік артып келеді. Жаңа реформалар жүзеге асырылуда. Жоғарғы сот судьялыққа үміткерлерді таңдауда қазақ тілін меңгерген әрі іс жүргізу дағдылары бар кандидаттарға басымдық беретінін атап өтті. Соңғы уақытта судьялар мен сот төрағалығына ұсынылған тұлғалардың арасында мемлекеттік тілді меңгерушілердің санының артуы қуантады.

«Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңның 13-бабына сәйкес, сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда орыс тілі немесе басқа тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 14-бабында азаматтық істер бойынша сот ісі қазақ тілінде жүргізілетіні, сондай-ақ ресми түрде орыс тілі мен заңмен белгіленген жағдайларда басқа тілдердің де қолданылатыны көрсетілген.

Сот ісін жүргізу тілі талап арыз берілген тілге байланысты соттың шешімімен анықталады. Бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқыда белгіленген тілде жүзеге асырылады. Істі сот талқылауына дайындау кезінде екі тараптың жазбаша өтініші негізінде сот ісін жүргізу тілін өзгертуге құқығы бар. Ал егер іске қатысушылар іс жүргізу тілін білмесе немесе жеткілікті меңгермесе, сотта аудармашының қызметін тегін пайдалану мүмкіндігі қарастырылған.

Сотқа талап арыздарды мемлекеттік тілде тапсыруға және сот процесі барысында мемлекеттік тілде түсінік беруге ешқандай шектеу қойылмауы тиіс. Тіл мәселесі – бұл ұлттың тағдыры, отаншылдық пен ұлттық намыстың көрінісі.

Тіл мәселесі біздің уақытша немесе бір кезеңдік іс-шарамыз емес, тәуелсіздігіміздің мызғымас негіздерінің бірі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – барша қазақстандықтарды біріктірудің негізгі факторы және ортақ мақсатқа жетелейтін жол көрсеткіші. Осыған орай, жергілікті атқарушы органдардың басшыларына сотқа талап қоюды тек қазақ тілінде жүзеге асыруды міндеттеу қажет.

Қазақстанның әрбір азаматы мемлекеттік тілді меңгеру арқылы ғана өзінің өмірлік мақсаттарына жете алатынын түсінуі керек. Тек осындай түсінік қалыптасқанда ғана серпіліс болады. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілдің дамуына қосар үлесі мен ықпалының маңызы да осында. Сондықтан сотта істерді қарау кезінде мемлекеттік тілдің қолданылуына ерекше назар аудару қажет. Мемлекеттік қызметкерлер ана тілінде сөйлеп, сауатты жазып, басқа ұлт өкілдеріне үлгі көрсетуі тиіс.

Н.КУЛАМҚАДЫРҰЛЫ,

Шымкент қаласының

кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған