• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 3 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

КАССАЦИЯЛЫҚ СОТТЫҢ МАҢЫЗЫ

05.02.2025
in Құқық-заң
КАССАЦИЯЛЫҚ СОТТЫҢ МАҢЫЗЫ

Gavel, scales, a book on wooden table

Қазіргі уақытта сот қызметінің сапасын жақсарту мемлекет үшін маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Сот отырысында екі тараптың мүддесі қарастырылғандықтан, жеңілген тараптың өкпесі мен ренішінің болуы табиғи. Дегенмен, дауларды шешудің альтернативті әдістерін енгізу, сот актілерін түсіндіру және сот отырыстарын дыбыс-бейне жазбаға түсіру сияқты шаралар сот жұмысына қатысты наразылықты едәуір азайтуға көмектесті.

Оқи отырыңыз...

Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту – басты міндет

Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту – басты міндет

19.03.2026
Военнослужащие регионального командования «Оңтүстік» завершили досрочное голосование на референдуме

Военнослужащие регионального командования «Оңтүстік» завершили досрочное голосование на референдуме

15.03.2026
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері референдумда мерзімінен бұрын дауыс беруді аяқтады

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері референдумда мерзімінен бұрын дауыс беруді аяқтады

15.03.2026

2025 жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде жаңа кассациялық сот сатысы енгізілетін болады. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға 2024 жылдың 5 шілдесінде 109-VIII Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңымен маңызды өзгерістер енгізілді, онда кассациялық сот туралы жаңа саты қарастырылған. Бұл бастама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кассациялық сотты құру жөніндегі тапсырмасының нәтижесінде жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысы өткен жылдың қыркүйек айында отандық бизнес өкілдерімен кездесуде азаматтардың құқықтарын тиімді қорғау үшін арнайы кассациялық соттар құрудың қажеттілігін атап өтті.

Тәуелсіз кассациялық соттың құрылуы сот төрелігінің сапасын арттыруға және азаматтардың соттарға деген сенімін нығайтуға оң әсер етеді. Сонымен қатар, кассациялық соттың енгізілуі сот шығындарын қысқартпай, азаматтардың ұсыныстары мен талаптарын ескере отырып шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, бұл кассациялық орган толықтай тәуелсіз болады.

Бұған қоса, барлық санаттағы істер бойынша арыздарды кассациялық сатыда алдын ала қарау кезеңі жойылады, бұл да маңызды мәселе. Өйткені, қазіргі уақытта істерді бір судьяның қарап, оның шешіміне алқа жіберілмей келгені белгілі. Бұл жағдай азаматтар мен кәсіпкерлердің заңды наразылығын туындатқан. Сонымен қатар, адвокаттар қауымы барлық санаттағы істерді қарау кезінде тараптардың міндетті түрде қатысуы және істі алқалы құраммен жүргізу қажеттігін атап өтуде.

Кассациялық соттың басты мақсаты – барлық іс категорияларының кассациялық тәртіпте қайта қаралуына мүмкіндік беру, осылайша азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын толыққанды жүзеге асыруына жағдай жасау. Жаңа өзгерістерге сәйкес, кассациялық соттар өңіраралық сот мәртебесіне ие болады.

Сот істері мен материалдары кассациялық сатыда қаралатын болады. Сонымен қатар, сот практикасын зерттеп, жинақтау нәтижесінде төменгі сот сатыларының заңдылықты сақтау мәселелерін қарастыратын болады.

Биылдан бастап қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша апелляциялық сот алқасының шешімдері негізінде істер қайта қаралады. Бірегей кассациялық тәртіп заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауды, алдын ала қараудың болмауын, 6 ай ішінде ақылға қонымды мерзімдерді белгілеуді және істерді үш судья құрамында мәні бойынша қарауды қамтиды.

Бұл реформа сот жүйесінің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сотқа деген сенімді нығайтуға ықпал ететініне сенімдіміз.

А.КЕНЖЕБЕКОВА,

Түркістан облысының

қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

әкімші басшысы.

 

 

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ В РАМКАХ ПРОЕКТА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ПРОВЕДЕНЫ РАБОТЫ ПО ОЗЕЛЕНЕНИЮ

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ В РАМКАХ ПРОЕКТА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ПРОВЕДЕНЫ РАБОТЫ ПО ОЗЕЛЕНЕНИЮ

02.04.2026
ТАРИХИ ЖАДЫНЫ САҚТАУ – ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

ТАРИХИ ЖАДЫНЫ САҚТАУ – ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

02.04.2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҮШІНШІ РЕТ БАУЫР ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ СӘТТІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҮШІНШІ РЕТ БАУЫР ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ СӘТТІ ӨТТІ

01.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған