• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 6 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Басты мақсат – сот жүйесіне деген сенімді арттыру

28.01.2025
in Құқық-заң
Басты мақсат – сот жүйесіне деген сенімді арттыру

Соңғы жылдары еліміздің сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалардың негізгі мақсаты халықтың сотқа деген сенімін арттыру болып табылады. Азаматтардың сот жүйесіне деген сенімі мемлекетке деген сенімді қалыптастыруға ықпал етеді. Халықтың сотқа деген сенімі қолжетімді сот төрелігі, судьялардың беделі және негізделген шешімдер арқылы қалыптасады. Осы себепті, соңғы жылдары осы бағытта көптеген жұмыстар атқарылды.

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАЛАР НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАЛАР НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

06.07.2025

Әкімшілік істер бойынша процестік мәжбүрлеу шаралары

30.06.2025
ІІМ: Пранктар заң бұзуға себеп емес

ІІМ: Пранктар заң бұзуға себеп емес

26.06.2025

Сот жүйесін жаңғырту реформасы қазіргі уақытта белсенді кезеңде. Президенттің бағдарламалық құжаттарында айтылған тапсырмалар тұрақты түрде орындалып келеді. Қоғамға тек реформалар ғана емес, сонымен қатар сот төрелігінің сапасы да маңызды. Халықтың сот жүйесіне деген үміті мен сұранысы күннен-күнге артып келеді.

Сот жүйесінде сот төрелігін жүзеге асырумен қатар, соттардың қызметін ұйымдастыру да маңызды рөл атқарады. Осы орайда, Департаменттің құзіреті кеңейіп, жауапкершілік артты. Қазіргі уақытта сот процессін дайындау, судьялардың қызметін қамтамасыз ету, сот тәжірибесін талдау, статистикалық есептерді қалыптастыру және сот мұрағатын басқару – біздің басты бағыттарымыз.

Азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру – біздің басты мақсатымыз. Бізге жүктелген жауапкершілік өте үлкен. Біз сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істейміз.

Бүгінгі таңда азаматтарға электронды ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндігі берілген. Тұрғындар сотқа өтініштерін «Сот кабинеті» және «Е-өтініш» жүйелері арқылы жібере алады. Бұл сервистердің ерекшелігі – әрбір азамат немесе оның өкілі өзіне ыңғайлы уақытта, үйінен шықпай-ақ, интернет арқылы сотқа талап-тілектерін жолдай алады. «Сот кабинеті» сервисінің мүмкіндіктері өте ыңғайлы, ол арқылы талап қою, шағымдар мен өтінішхаттар беруге, мемлекеттік бажды онлайн төлеуге болады.

Электронды сот құжаттарын қарау, сақтау, жүктеу, істің қаралу динамикасын бақылау, бейнематериалдарды көру, апелляциялық шағымдар мен басқа да өтініштермен жүгіну мүмкіндігі бар. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында сот залдары заманауи техникалармен жабдықталып, сот процестері аудио-бейне жазба құрылғыларымен өткізіледі. Бұл сот процестерінің ашық әрі әділ өтуіне ықпал етеді. Жаңа технологияларды қолдану сот қызметін ашық, жедел және қолжетімді етеді. Біз бұл жетістіктермен шектелмей, алдағы межелерімізді жүзеге асыруды мақсат етіп отырмыз. Азаматтардың сенімі мен тәртіптің сақталуы – ең бастысы.

Досболдатқа АЗНАБАЙ,

Шымкент қаласының

мамандандырылған тергеу сотының

жетекші маманы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ҚАРАТАЙДЫҢ ГҮЛДІ ӨРІСІ – САУРАНҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

ҚАРАТАЙДЫҢ ГҮЛДІ ӨРІСІ – САУРАНҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

06.07.2025
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы

06.07.2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАЛАР НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАЛАР НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

06.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған