• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 11 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Кәсіпкерлерге субсидия қаржысы тиісті мөлшерде аударылады

29.11.2024
in Басты ақпарат
Кәсіпкерлерге субсидия қаржысы тиісті мөлшерде аударылады

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында несие мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қаржысын талқылаған жиын өтті. Оған Палата директорының орынбасары Бауыржан Бердалиев, Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Үсен Исаев, «Даму» АҚ Шымкент қалалық филиалының директоры Жомарт Ермағанбет, кәсіпкерлер қатысты.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

11.07.2025
Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

03.07.2025
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

03.07.2025

Палата директорының орынбасары Бауыржан Бердалиев кәсіпкерлерге мемлекеттен қолдау көрсетіліп, «Даму» АҚ тарапынан несие мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау бойынша жобалар жүзеге асырылып жатқанына тоқталды.

«Жалпы, «Даму» қоры кәсіпкерлердің бизнестерін дамытуға қолдау көрсетіп келеді. Атап айтқанда Шымкент қаласында «Бизнестің жол картасы – 2020», «Бизнестің жол картасы – 2025», «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында 2021-2024 жылдар аралығында кәсіпкерлер несиесі мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау бойынша 4 мыңнан астам жобаға қол қойылды. Оның ішінде 2024 жылдың басынан бері 1200-ге жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне 62,1 млрд теңгеге қолдау көрсетілді. 738 жобаға жалпы сомасы 49 млрд теңге несиенің субсидиясы бөлінуде. Бүгінгі таңда субсидияны алуда кәсіпкерлік субъектілерінде бірқатар мәселе бар екені анықталды. Осы мәселенің шешімін табу үшін жиналып, тиісті ұйым басшыларын шақырып отырмыз», – деді Бауыржан Бердалиев.

Жиналған кәсіпкерлердің атынан Auzhan KTL мектебінің құрылтайшысы Тұран Абжанов сөз алып, субсидия қаржысының бірер ай төленбегенін, соның салдарынан қаржылық күрделіліктер туындап отырғанын жеткізді.

Бұл сауалдарға «Даму» АҚ Шымкент қалалық филиалының директоры Жомарт Ермағанбет жауап берді.

«Қазіргі уақытта субсидиялау үшін жобалары мақұлданған барлық кәсіпкерлер қаржының түсуін күтіп отыр. «Даму» қоры бұл қолдаудың бизнес үшін маңызды екенін түсінеді және уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Қазіргі уақытта Қор мемлекеттік бюджеттен қажет қаржы түсуін күтіп отыр және бұл процессті жылдамдату және төлемдерді жақын арада аяқтау үшін барлық іс-шараларды жүзеге асыруда», – деді «Даму» АҚ Шымкент қалалық филиалының директоры Жомарт Ермағанбет.

Жиын барысында кәсіпкерлер осындай бағдарламалардың алдағы жылдары жалғасуына қызығушылық танытып, жеңілдетілген несиелерді кәсіпкерлерге тікелей бөлу туралы ұсыныстарын білдірді.

«Жалпы, шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламалары өңір экономикасының дамуына айтарлықтай әсер етуде. 2010-2023 жылдар аралығында мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлер Шымкент қаласында 11,2 мың жаңа жұмыс орнын ашып, бюджетке 316 млрд. теңге көлемінде салық төледі. Кәсіпкерліктің дамуы үшін жеңілдетілген несиенің маңызын жақсы түсінеміз. Біздің басқарма осы бағдарламаның әкімшісі, ал «Даму» қоры қаржы операторы ретінде әріптестікті күшейтіп, келесі жылы жеңілдетілген несие жобаларын жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз», – деді Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Үсен Исаев.

Кәсіпкерлер өздерін толғандырған басқа да сұрақтарын қойып, мамандардың жауабын алды.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЦИФРОВАЯ ТРАНСФОРМАЦИЯ — ШЫМКЕНТ: ОТ УМНОГО ГОРОДА К ПЕРЕДОВЫМ ТЕХНОЛОГИЯМ БУДУЩЕГО

ЦИФРОВАЯ ТРАНСФОРМАЦИЯ — ШЫМКЕНТ: ОТ УМНОГО ГОРОДА К ПЕРЕДОВЫМ ТЕХНОЛОГИЯМ БУДУЩЕГО

11.07.2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

11.07.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты

10.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған