• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 8 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Елімізде жаңа сот сатысы – кассациялық сот сатысы қолданысқа енеді

24.10.2024
in Құқық-заң
Елімізде жаңа сот сатысы – кассациялық сот сатысы қолданысқа енеді

Еліміздің саяси, экономикалық және мәдени жетістіктеріне қол жеткізу үшін тұрақтылықтың кепілі заңға негізделген тәртіп бола алады. Демократияның басты құндылығы да – заң мен тәртіп. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында заң мен тәртіп идеологиясын қоғамда кеңінен орнықтыру қажеттігі атап өтілді. Осы бағытта мемлекетте көптеген шаралар жүзеге асырылуда. 2024 жылдың 5 шілдесінде «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына елеулі өзгерістер енгізіліп, жаңа сот сатысы – кассациялық сот енгізілді.
2023 жылғы 12 қыркүйекте еліміздің бизнес-қоғамдастығы өкілдерімен кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дербес кассациялық инстанция құру мәселесіне назар аударды. Бұл өзгеріс барлық іс санаттарының кассациялық тәртіпте қайта қаралуына мүмкіндік беру үшін енгізілді. Бұған дейін кассациялық саты Жоғарғы Сот құрамында болып, барлық істерді қайта қарауға шектеулер болған. Мысалы, азаматтық істер оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде қаралса немесе татуласу рәсімімен аяқталса, сондай-ақ талап қою сомасы белгілі бір мөлшерден төмен болса, кассацияда қаралмайтын. Қылмыстық істерде де кейбір қылмыстық теріс қылықтар кассациялық қарауға жатпайтын.
Соңғы өзгерістерге сәйкес, кассациялық сот сатысы енді Жоғарғы Сот құрамында емес, дербес орган ретінде жұмыс істейтін болады. Бұл жаңашылдық Мемлекет басшысының тапсырмасымен енгізілді. Сот жұмысына және судьялардың шығарған актілеріне қатысты шағымданушылар аз емес, себебі сот отырыстарында әрдайым екі тараптың мүдделері қаралады, сондықтан жеңілген тарапта наразылықтың болуы табиғи. Алайда, дауларды шешудің баламалы әдістерін енгізу, сот актілерін түсіндіру және сот отырыстарын дыбыс-бейне таспаға жазу сияқты шаралар бұл наразылықты біршама төмендеткен болатын. Жоғарғы Сот осы нәтижемен шектелмей, сот төрелігіне деген сенімді одан әрі арттыру үшін түрлі тетіктерді қарастыруда, ал олардың ішінде кассациялық сот құру басты орын алады.
Кассациялық сот – сот істері мен материалдарын кассациялық деңгейде қарастырады. Ол сот тәжірибесін зерттеп, қорытындылары бойынша төменгі соттардың әділ сот жүргізу кезінде заңдардың сақталуын бақылайды, сондай-ақ заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2025 жылы қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша жаңа кассациялық сот сатысы құрылып, апелляциялық соттардың шешімдерін қайта қарайтын болады. Бұл соттардың құрамына тәжірибелі судьялар кіреді.
Кассациялық соттардың дербестігі азаматтардың сот төрелігіне қол жеткізу мүмкіндіктерін кеңейтіп, инвестиция тарту мен бизнесті дамытуға қолайлы жағдай туғызады. Бұл, ең алдымен, әділдік қағидаттарын және заң үстемдігін толық іске асыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл қадам Жоғарғы Соттың жүктемесін азайтып, оның сот практикасының бірыңғайлығын қамтамасыз етуге назар аударуына мүмкіндік береді. Кассациялық сот заң тәжірибесінде маңызды рөл атқарып, құқықтық жүйенің дамуына ықпал етеді.
Кассациялық сот заңсыз шешімдерді жою функциясын орындайды. Егер төменгі сатыдағы соттың шешімі заңсыз немесе негізсіз деп танылса, кассациялық сатыдағы сот оны жойып, істі жаңа сот талқылауына қайта жіберуге немесе түпкілікті шешім қабылдауға құқылы. Осылайша, кассациялық саты заң тәжірибесінде, прецеденттерді қалыптастыруда, құқықтық тәжірибені дамытуда және дауларды шешуде маңызды рөл атқарады. Оның шешімдері құқықтық жүйенің одан әрі дамуының негізі болып, әділдік пен заңдылықтың үлгісі болуы тиіс.
Ж.ТУЛЕНОВА,
Шымкент гарнизоны әскери сотының судьясы.

Оқи отырыңыз...

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

В Шымкенте прошел антикоррупционный конкурс среди молодежи под названием «Мой вклад в закон и порядок!»

03.06.2025
Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

03.06.2025
Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

02.06.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ХИМИЯ ПӘНІНЕН ПӘНДІК ТЕРМИНОЛОГИЯСЫН АҒЫЛШЫНША МЕҢГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІН ИГЕРГЕН МҰҒАЛІМ

ХИМИЯ ПӘНІНЕН ПӘНДІК ТЕРМИНОЛОГИЯСЫН АҒЫЛШЫНША МЕҢГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІН ИГЕРГЕН МҰҒАЛІМ

07.06.2025
ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

06.06.2025
ШЫМКЕНТТЕ «ТАБИҒАТЫМ БАЙЛЫҒЫМ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛА АКЦИЯ «ТАБИҒАТЫМ БАЙЛЫҒЫМ»

06.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған