• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 8 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Пара алу бостандық пен болашақтан айырады

16.09.2024
in Құқық-заң
Пара алу бостандық пен болашақтан айырады

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанынан бері сыбайлас жемқорлық мәселесі әлі де шешімін таппай отыр. Бүгінгі таңда интернет арқылы күн сайын сыбайлас жемқорлыққа қатысты жаңа деректер аламыз. Әртүрлі тұлғалар мен қылмыстар жайлы естіп келеміз.

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы Үкіметке бірқатар тапсырма берді:

Мемлекет басшысы Үкіметке бірқатар тапсырма берді:

08.09.2025
Тілім менің – тірлігімнің айғағы

Тілім менің – тірлігімнің айғағы

04.09.2025
ЗАҢ БӘРІНЕ ОРТАҚ

ЗАКОН ЕДИН ДЛЯ ВСЕХ

02.09.2025

2015 жылы 18 қарашада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданған еді. Заңның қабылдануынан кейін 641 мемлекеттік қызметкер сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жауапқа тартылған болатын. Дегенмен, жыл өткен сайын бұл қылмыстың азаймауы алаңдатады.

Жемқорлық әрекеттері үшін сотталған азаматтарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынып, соттар мен құқық қорғау органдарына, сондай-ақ пара берушілер мен делдалдарға қатаң жаза қолдану басталды. 2022 жылдан бастап жалпыға бірдей салық декларациясын тапсыру басталды, бұл және басқа шаралар айтарлықтай нәтижелер берсе де, түбегейлі өзгеріс байқалмады. Әлі де сыбайлас жемқорлық жағдайлары күнделікті өмірде кездеседі.

2023 жылғы әлемдік сыбайлас жемқорлық рейтингіне сәйкес Қазақстан 97-ші орында тұр, бұл сыбайлас жемқорлықпен күрес әлі де күшейтілуі қажет екенін көрсетеді. Ең көп жемқорлық тіркелген қалалар Алматы, Шымкент, Ақмола және Түркістан облыстары болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу – қоғамның басты талабы. Жемқорлықсыз қоғам – мінсіз қоғам, парақорларсыз өмір – салауатты өмір, ал жемқорларсыз мемлекет – мықты мемлекет. Еліміздің дамуы үшін жемқорлыққа қарсы күресті жалғастыру азаматтық міндетіміз.

Еліміздің барлық қалаларында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктер» ашылып, олардың қызметі ақпарат құралдары арқылы бақыланып отыр. Соңғы жылдары ұсталған жемқорлардың саны артып, мемлекетке қайтарылған қаражат көлемі де өсіп келеді, бұл халық үшін жағымды жаңалық.

Өсіп келе жатқан жас буын арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы түсіндіру жұмыстары да жүргізіліп, болашақ мемлекеттік қызметкерлерге оның маңыздылығы түсіндірілуде.

Сонымен қатар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңды білу және өз құқықтарын қорғау жолдарын түсіндіру де сыбайлас жемқорлықпен күресте маңызды рөл атқарады. Конституциялық тәртіпті сақтау және қоғамның мемлекетке сенімін нығайту басты мақсат болып табылады.

Осы орайда, Президенттің «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі қосымша шаралар» туралы Жарлығы енгізілді. Бұл құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіріп, жемқорлықтың алдын алу шараларын жүзеге асыруға бағытталған.

Сыбайлас жемқорлық тек заңбұзушылық емес, ол мемлекет тиімділігіне деген сенімді төмендетіп, ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді. Онымен күресу ауыр жұмыс болғанымен, бұл бағытта агенттіктер үздіксіз жұмыс істеуде.

Жемқорлықтың толық жойылуы өсіп келе жатқан жас буынның қолында деп сенеміз.

Елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін барлық бағытта мақсатты жұмыстар жүргізіліп келеді. Жемқорлық дерті мемлекеттік қызметке баратын жастардың және пара алатын лауазымды тұлғалардың беделін түсіріп қана қоймай, билік жүйесінің, сонымен қоса бүкіл әлеуметтік жүйенің құлдырауына әкеп соғуымен қауіпті. Пара алу бостандық пен болашақтан айырады.

Нұрсұлтан ОРМАНТАЕВ,

РжКБ аға бақылаушы,

әділет старшинасы.

 

 

 

 

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

08.09.2025
ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ

ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ

08.09.2025
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРЕТІН УАҚЫТ КЕЛДІ»

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРЕТІН УАҚЫТ КЕЛДІ»

08.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған