• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 6 сентября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

БІЗДІҢ БАСТЫ ҰСТАНЫМ – ӘДІЛДІК ПЕН ЗАҢ ҮСТЕМДІГІН ОРНАТУ

14.09.2024
in Басты ақпарат
БІЗДІҢ БАСТЫ ҰСТАНЫМ – ӘДІЛДІК ПЕН ЗАҢ ҮСТЕМДІГІН ОРНАТУ

Президенттің биылғы Жолдауында мемлекеттік қызметшінің мәртебесін көтере түсу, жаңа да әділетті Қазақстанды құруда мемлекеттік қызметшінің соған лайықты кадрлар болуына қол жеткізу қажеттігі де айтылды. Сол сияқты Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, адал қызмет етуге үндеу, алдағы уақытта құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында да жергілікті атқарушы биліктің жұмысты жандандыра түсуі, адал қоғамға бертұрыс жасалу керектігі де қажеттілік. Осы орайда Түркістан облысы Қазығұрт ауданының әкімі
Азизхан Азимханұлы Исмаиловтың жұртшылыққа,мемлекеттік қызметтегілерге арнаған жемқорлықпен бірлесіп күресу жөніндегі үндеу-ойын жемқорлыққа қарсы күресте тың да өнегелі әрекет ретінде бағалауға болады.
Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Бір сөзбен айтқанда, еліміз дамудың жаңа деңгейіне «Жаңа Қазақстанды» құру жолына бет бұрды. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Осы орайда қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – жемқорлық. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.
Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте «Жемқорлық — індет, онымен күресу — міндет» деген қағиданы жұрт санасына орнықтыру — барлық мемлекеттік органның ортақ жұмысы. Бұған бір реттік науқан ретінде қарамау керек. Азаматтар арасында ақпараттық түсіндіру жұмысын күшейтіп, жүйелі түрде жүргізу қажет» — деп нақтылап айтты.
Біздің басты ұстанымымыз — Әділдік пен заң үстемдігін орнату.
Сәйкесінше, қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттырудың нәтижесінде, жемқорларға деген теріс көзқарас қалыптастыру, яғни пара алуды, пара беруді өз мәселелерін шешудің оңай әдісі деп қарайтын тұлғалардың үлесін түбегейлі азайту.
Бұл жұмыстарға барлық мемлекеттік органдардың қоғам өкілдерінің белсенді қатысуы маңызды.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін, жүйелі жұмыстар нәтижесімен жыл сайын коррупция үшін жауапкершілік те күшейіп келеді:
— бірінші басшының тікелей бағынышты тұлғасына қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен соң күнтізбелік 10 күн ішінде немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін отставкаға кетуі міндеттелді.
— Парақорлық үшін бас бостандығынан айыру мерзімі 15 жылға дейін ұзартылды.
— Құқық қорғау органдары мен соттарға қылмыстық жауаптылық қатаңдады.
— Жемқорлар үшін мемлекеттік қызметке өмір бойына тыйым салынды.
— Ауыр жемқорлық қылмыстары үшін түрмеден ерте босату шектелді.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғам талабы. Мінсіз қоғам – жемқорлықсыз қоғам, салауатты өмір – парақорларсыз өмір, мықты мемлекет – жемқорларсыз мемлекет.
Сондықтан, баршаңызды «жемқорлық» атты дертке қарсы күресуге шақырамын.

Оқи отырыңыз...

Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде

Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде

04.09.2026
ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ГРУЗИЯ КӨРЕРМЕНДЕРІН ТӘНТІ ЕТТІ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ГРУЗИЯ КӨРЕРМЕНДЕРІН ТӘНТІ ЕТТІ

03.09.2026
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында  құрылыс индустриясын дамыту және заманауи технологияларды өңірге енгізу мәселелеріне арналған кездесу өтті

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында құрылыс индустриясын дамыту және заманауи технологияларды өңірге енгізу мәселелеріне арналған кездесу өтті

02.09.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026
ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026
ТІЛ – БІРЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ ЖӘНЕ ТӘРТІП НЕГІЗІ

ЯЗЫК — ПУТЬ К ЕДИНСТВУ И ОСНОВА ПОРЯДКА

04.09.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған