• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 8 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Әдеп нормаларын сақтау – басты міндет

21.08.2024
in Құқық-заң
Әдеп нормаларын сақтау – басты міндет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының мақсаты биліктің жоғарғы деңгейдегі ашықтығы және халық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жедел әрекет ету болып табылады.

Оқи отырыңыз...

Тілім менің – тірлігімнің айғағы

Тілім менің – тірлігімнің айғағы

04.09.2025
ЗАҢ БӘРІНЕ ОРТАҚ

ЗАКОН ЕДИН ДЛЯ ВСЕХ

02.09.2025
ЗАҢ БӘРІНЕ ОРТАҚ

ЗАҢ БӘРІНЕ ОРТАҚ

02.09.2025

Қазақстан Республикасының Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) бекітілді.

Қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейін арттыру және халықпен кері байланысты жақсарту үшін жұмыс істеу қажет. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа Әдеп кодексінің қызметтік әдеп нормаларын дұрыс түсіну мен қолдануда маңызы зор.

«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Президенттің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 Жарлығымен Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі жаңа редакцияда бектілген және осы кодексте мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары айқындалған болатын. Олар: адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық және клиентке бағдарлану.
Сондай-ақ, аталған кодекс мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік қасиеттеріне негізделіп, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және парасаттылық атмосферасын құруға бағдарланған.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметші адал, әділ, қарапайым болуы, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауы, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуы қажет.

Ұжымда түсіністік пен сенім атмосферасын қалыптастыру, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын сақтау – мемлекеттік қызметшінің жалпы міндеті. Қолайлы жұмыс атмосферасы мемлекеттік қызметшіге өз әлеуетін ашуға, өз көзқарасын ашық жеткізуге, білімімен бөлісуге және жалпы міндеттерді орындауда ұжымды жұмылдыруға жағдай жасауға мүмкіндік туғызады. Біз мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп нормаларын насихаттау мақсатында әртүрлі іс-шаралар мемлекеттік қызметтегі әдеп нормаларын (мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары, қызметтік әдебінің стандарттары) ілгерілетуге, қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің оң имиджін қалыптастыруға, оның қызметінің тиімділігін арттыруға және т. б. бағытталған жұмыстар жасаймыз. Мемлекеттік қызметкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге көп көңіл бөлінеді: кездесулер, семинарлар, әңгімелер ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауда, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбай, оларды қорғау және қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылдауды, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға тиісті. Сондықтан, мемлекеттік қызметшілер тарапынан Әдеп кодексінің талаптарын сақтау басты міндет болып табылады

Қазіргі заманның мемлекеттік қызметшілері қоғам тарапынан қойылатын талаптарға сай болуы тиіс, себебі олардың басты міндеті – азаматтардың қоғамдық мүдделері үшін қызмет ету болып табылады. Мемлекеттік аппарат ішіндегі және мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен, қоғаммен өзара әрекеттесуіндегі қарым-қатынас мәдениеті тұрғысынан мемлекеттік қызметтің негізін қалаушы принциптерін анықтау барысында көбінесе адами қасиеттерге, яғни мемлекеттік қызметшінің моральдық ұстанымдары мен құндылықтарына жоғары мән беріледі. Өйткені, мемлекеттік қызметшілердің бойында дәл осы моральдық ұстанымдардың болмауы түбінде жағымсыз құбылыстарға, құқықбұзушылықтарға, жемқорлыққа алып келеді. Бұл өз кезегінде халықтың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін азайтып, мемлекеттік қызметшінің беделіне нұқсан келтіреді.

Қызметтен тыс уақытта мемлекеттік қызметшілер жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстанып, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге тиіс.

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау лауазымы мен жұмыс өтіліне қарамастан барлық мемлекеттік қызметшілері үшін басты міндет болып табылады.

Е.АЛИПБЕКОВ,

69 РМ мекемесінің

әділет лейтенанты.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

В Шымкенте презентовали проект «Читающая нация»

В Шымкенте презентовали проект «Читающая нация»

06.09.2025
Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасы таныстырылды

Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасы таныстырылды

06.09.2025
Шымкентте ерікті жастарға арналған эко-экскурсия өтті

Шымкентте ерікті жастарға арналған эко-экскурсия өтті

06.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған