• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 8 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

БІТІМГЕРШІЛІК – татуласудың бастауы

21.08.2024
in Құқық-заң
БІТІМГЕРШІЛІК – татуласудың бастауы

Халықтың сотқа деген сенімін арттыру – маңызды мәселе. Елімізде кез-келген дауды тек сот арқылы шешу қажет деген түсінік қалыптасқан, болмашы дау туындаса, бірден сотқа жүгінеміз. Әрине, сотқа жүгіну – заңды құқығымыз. Бірақ сотқа бару жолын қарастыратын болсақ, біраз уақытты босқа өткізуіміз мүмкін. Іс шешілгенше бір емес, бірнеше сот отырысы болуы мүмкін. Шағымдар облыстық, тіпті Жоғарғы сотқа дейін жетіп жатады. Қайта-қайта жұмыстан сұранып, кәсіпті тоқтатып, жеке істерімізді кейінге қалдыруға тура келеді. Сонымен қатар, сот үлкен шығынды талап етеді. Мемлекеттік баж салығын төлейміз, сот шығындарын өтейміз, жол ақысын да ескеру керек, заңгерлерді жалдаймыз.
Сот – дауласу алаңы. Ондай жағдайда бедел мен адамгершілікті жиып қойып, амалсыздан таласуға, тартысуға тура келеді. Көп жағдайда ашуға бой алдырып, бір-бірімізге ауыр сөздер айтуымыз мүмкін. «Ашу – дұшпан» дегендей, кешегі туысқандар бүгінгі жау, кешегі достар бүгінгі қас болуға айналады. Мұның алдын алу үшін дау туындағанда ең дұрысы татуласу, келісімге келу, бітімге келу. Бұл жағдайда екі тарап та пайда көреді. Уақыт пен қаржы үнемделеді. Көршілік, туыстық, достық қатынастар нығаяды. Жүйкеңізге салмақ түспейді, беделіңіз сақталады.
Дауды бейбіт жолмен шешуге жәрдемдесуді сот ісін жүргізудің негізгі міндеті ретінде бекіте отырып, судьяға арызды қабылдаған күннен бастап тараптарды татуластыруға бағытталған тиісті шараларды қабылдау және істі қараудың барлық сатыларында талаптарды түсіндіру міндеті жүктеледі.
Сот тәжірибесі көрсеткендей, дауды татуластыру рәсімдері арқылы шешу азаматтық іс жүргізудің қатысушылары үшін тиімді және пайдалы жақтары мол. Біріншіден, дауды татуластыру рәсімдері арқылы реттеу сот шешіміне қарағанда тараптардың бітімге келуіне ықпалды, екіншіден, көп жағдайларда дау тараптардың заң нормаларын дұрыс түсінбеуінен туындайды, ал сол нормаларды соттың тиісті түрде түсіндіруі бұл рәсімдерді жүзеге асыруға ықпал етіп, дауласушы тараптарды ымыраға келтіреді, үшіншіден, татуластыру рәсімдері тараптар арасындағы дауды ортақ келісіммен аяқтауға мүмкіндік береді, ал сот шешімі тек бір тарапты ғана қанағаттандыруы мүмкін, төртіншіден, бұл соттың да, тараптардың да уақытын және қаражатын үнемдейді. Осы орайда, татуластыру рәсімдері арқылы шешімін тапқан іс бойынша төленген мемлекеттік баж салығы тараптарға қайтарылады.
Тағы бір артықшылығы, сотпен бекітілген кез келген келісім ерікті түрде орындалмаған жағдайда, тараптар мәжбүрлі түрде орындату үшін атқару парағын қолдану құқығына ие.
Дау бойынша қол жеткізілген ортақ шешімді тараптар медиатордың қатысуымен медиативтік келісім арқылы, немесе екі тараптың адвокаттарының қатысуымен партисипативтік келісіммен рәсімдеуге толық құқылы. Ал осы келісімдердің орындалмауы жағдайында бір тарап жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен сотқа талап арыз беріп, келісім аясында тиісті талабын қоюға құқылы.
Елімізде «Татуласу: сотқа дейін, сотта» бағдарламалары іске асырылуда. Өңірлерде соттан тыс татуластыру орталықтары ашылуда. Келушілер бұл жерде медиаторлардың, психологтардың, конфликтологтардың, адвокаттардың, нотариустар мен сот орындаушыларының қызметтерін тегін пайдалана алады.
Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең жоғары үлгісі. Қазақстан Республикасында даулы мәселелерді шешуде соттасудың жалғыз шешім емес екенін түсініп, бітімгершілікті болашақта да кеңінен қолданып, көпшіліктің қолдауына ие болуы, сондай-ақ бітімгершілікке жүгінушілер санының артуы – біздің қоғамымызда оң өзгерістердің жүзеге асып жатқандығының айқын дәлелі болып табылады.
Э.ҚАЛЫМБЕТОВА,
Шымкент қаласының
азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы.

Оқи отырыңыз...

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

В Шымкенте прошел антикоррупционный конкурс среди молодежи под названием «Мой вклад в закон и порядок!»

03.06.2025
Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

03.06.2025
Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

02.06.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ХИМИЯ ПӘНІНЕН ПӘНДІК ТЕРМИНОЛОГИЯСЫН АҒЫЛШЫНША МЕҢГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІН ИГЕРГЕН МҰҒАЛІМ

ХИМИЯ ПӘНІНЕН ПӘНДІК ТЕРМИНОЛОГИЯСЫН АҒЫЛШЫНША МЕҢГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІН ИГЕРГЕН МҰҒАЛІМ

07.06.2025
ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

06.06.2025
ШЫМКЕНТТЕ «ТАБИҒАТЫМ БАЙЛЫҒЫМ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛА АКЦИЯ «ТАБИҒАТЫМ БАЙЛЫҒЫМ»

06.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған